Кәсіпкерлікке – кең өріс - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Кәсіпкерлікке – кең өріс
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Бейсенбі күні аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті оты­рысы өткізіліп, оның барысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды иеленуді меже тұтқан бірқатар жобалар қарастырылды.
Үйлестіру кеңесінің отырысында сомасы 3,4 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба қолдау тапты. Соның арқасында жобаларды ұсынушы кәсіпорындарда 1800-ге жуық адамның жұмыс орындары сақталады.
Сонымен қатар, «Қарағанды ұн комбинаты» ЖШС, «Kaz-metiz» (Каз-метиз) ЖШС, «Ecoindastry» ЖШС, «№3 Автобус паркі» ЖШС, «Евротехсервис К» ЖШС, «ИНЭК» ЖШС секілді кәсіпорындардың несиелері бойынша субсидиялауды ұзарту жөніндегі сұраныстары қанағаттандырылды.
Орайлы сәтте, денсаулық сақ­тау саласындағы жаңа «Катарактаны AlconLaboratoriesinc. США тәсілі­мен қосарланған InfinitiVision оф­тальмалогиялық жү­йесі көмегімен емдеудің қазіргі за­манғ әдісін енгізу» жобасын атап өткен жөн. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде кәсіпорын катарактаны алып тастау оталарын аса жоғары дәлдікпен және сенімді жасауға мүмкіндік беретін заманауи қондырғыны сатып алды.
«VD Vision» ЖШС директоры Виктор Цойдың айтуына қарағанда, ота жасаудың аталған тәсілі сырқаттарға аса жеңіл тиеді және көз жанарының жылдам қалпына келуіне әсер етеді. Ең бастысы, тұрақты және алдын ала болжанған нәтижені береді.
Клиника мемлекетпен мем­лекеттік-жекеменшік әріптестік те­тіктері арқылы белсенді байланысты қалыптастырған. Соның аясында облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың емханаларымен ықылас білдірген кез келген адамға көз аурулары бойынша тегін тексеру-кеңес беру жөніндегі біршама келісім-шарттарға қол қой­ылған.
Кеңес отырысында сондай-ақ, «Назарбаев Университет» ААҚ базасында ақысыз оқу жолымен өзінің біліктілік деңгейін көтеруге мүдделі кәсіпкерлердің тапсырыстары да қолдау тапты. Топ-менеджменттің қыр-сырларын оқып-үйрену кәсіп­керлерге табысты бизнестің жаңа үлгілерін құруға, одан әрі кәсіп­орынды тиімді басқаруға оңтайлы мүмкіндіктер тудырады.
Қарағанды облысы бойынша жалпы саны 38 тапсырыс қолдау тапты. Бұл – негізгі топқа енгізілген 22 адам және резервке қойылған 16 кәсіпкер деген сөз. Осы орайда, ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан облысқа бөлінген квота 22 адамды құрайтынын атап өту, ләзім. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 214
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px