Келер күндер – кемелді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Келер күндер – кемелді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Қазыналы Қаражал қаласының жұртшылығы қазақстандық патриотизм мен достықтың, мәдени сан алуандылық пен өзара ризашылықтың мейрамы – Алғыс айту күнін ерекше сипатта атап өтті. Мәдениет үйіне жиналған қалың қауымды қала әкімі Қайрат ШОРМАНБАЕВ ақжарыла құттықтады.
Атаулы мерекенің ел Тәуел­сіз­дігінің 25 жылдық мерейтойы өтетін жылы тұңғыш рет күнтізбеге енгізілуі – аса жарасымды болғанын тілге тиек еткен қала басшысы жерлестеріне жетістіктер мен бақуатты тірлік тіледі. Сонымен қатар, осы мере­кенің қазақстандықтардың тағ­дыры ортақ тарихына, рухани дәстүрлерге, адамдардың таза пейілі мен Елбасының тұтастық пен біртектілікті қалыптастыру жолындағы өлшеусіз еңбегіне көрсетілер құрметтің айғағына айналарын атап өтті.
Одан кейін қала әкімі жергілікті ақын Аманбай Баймышевтың омырауына Біріккен Ұлттар ұйымы аясында құрылған «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің «Ұлт мақтанышы» медалін салтанатты жағдайда тақты. Өз кезегінде мерейі өскен шығармашыл тұлға көңіл төріндегі көркем ойларын көрікті түрде ортаға салды.
Іс-шара барысында еселі еңбек­тері елге үлгі азамат­тар, Тәуелсіздіктің төл перзент­тері – Нұржан Балабеков, Нұр­хамит Айқышев және Олжас Рамазанұлына да лайықты құрмет көрсетілді.
Ел шаттығын еселеген мерекемен жерлестерін қаладағы этно-мәдени бірлестіктердің өкіл­дері – сайыпқыран дзюдошы Артем Ким, №7 орта мектеп дирек­торының орынбасары Екатерина Долженко, Жәйрем кетіндегі №11 орта мектептің мұғалімі Галина Хон құттықтап, келер күндердің бүгінгіден де кемел боларына сенім білдірді.

ҚАРАЖАЛ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 252
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px