Кешенді шаралар ұйымдастырылды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, алдын ала жоспарланған дәстүрлі әрі кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы ретте атаулы күннің аталған компания құрылымында мерекелік сипатты иеленетінін айта кеткен абзал.

 

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, бір апта бойы компанияның, мердігер ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, сондай-ақ, «Жақтау» металлургтер кәсіп-одақ ұйымының белсенділері біршама орнықты шаралардың бел ортасында болды. Нақтылап айтсақ, өндіріс алаңдарында көпсатылы аудиттер жүргізіліп, мердігер ұйымдар басшыларымен мақсатты кездесулер өткізілді. Қауіпсіздік техникасы саласындағы үздіктер мен қала мектептеріндегі қауіпсіздік сабақтарын озық үлгіде жоспарлай білетін ұстаздарды және қауіпсіздік техникасы тақырыбында жазылған үздік шығарма авторларын марапаттау рәсімдері ұйымдастырылып, «Биіктіктегі жұмыстар», «Тұйық кеңістік», «Қауіп-қатерді анықтау және тәуекелдерді бағалау» тренингтері өткерілді. Бұлардан тысқары, спорттық сайыстар, ерікті газдан құтқару дружиналарының сайысы өткізіліп, компания мен мердігер ұйымдар жұмысшыларының арасында тақырыптық сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, «Он алтын ережені» жете зерделеп, меңгергендер, жұмыс орнындағы тәуекелдерді орнықты бағамдай білетіндер, ортақ талап пен реттілікті бұзушылықтардың себептерін анықтау мәселесі бойынша үздік сараптама жүргізгендер анықталды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жанындағы балалар мен жасөспірімдер орталығында «Қауіпсіздік техникасымен қауіпсіз өмір» атты балалардың қалалық дәстүрлі сурет байқауы ұйымдастырылды.

Компания жұмыскерлері «Донор күні» акциясына ықыласпен қатысып, қоғамдық сипаттағы белсенділіктерін де таныта білді. Сондай-ақ, олар сауықтыру және алдын алу тақырыптарын қамтыған дәрістерді тыңдады.

Металлургиялық комбинат пен мердігер ұйымдар басшылары және жұмысшыларының қатысуымен өткен өндірісте қаза тапқандарды еске алу, рухына тағзым ету жиыны кешенді іс-шаралардың түйіні іспетті қабылданды. Оның барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван, «АрселорМиттал ТМД» бас директоры Парамжит Калон, «АрселорМиттал Дофаско» еңбек қауіпсіздігі және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Майк Двайер жиналған қауымды қауіпсіздік техникалары ережелерін мүлтіксіз сақтауға, өзінің және жақындарының өміріне барынша ұқыпты қарауға үндеді.

 

ТЕМІРТАУ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 165
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px