Үкімет басшысы Қарағандыға ат басын бұрды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Бұдан соң, аймақтың бірқатар нысандарын аралап, олардың барысымен танысты. Атап айтқанда, Үкімет басшысы облыстағы «Самұрық-Қазына» салып жатқан «Жанұя» тұрғын үй кешенінің құрылысын көрді. Тұрғын үй кешенінің құрылысы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы тұрғын үй» бағытымен «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасының негізінде жүргізілуде. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бой көтеретін балабақшаға да арнайы бұрылды. Бұйырса, шілде айында 320 орынға арналған бұл жаңа балабақшаны ашу жоспарда.

Одан кейін Үкімет басшысы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне ат басын бұрды. Мұнда Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына арналған мамандар дайындалуда екенін атап өткен жөн. Премьер-Министр оқу ордасының металлургия және тау-кен ісі саласындағы инновациялық технологиялар зертханасында болды. Бұл зертханаларда мамандар білімі мен біліктілігін қатар шыңдайды.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Қарағандыдағы мамандандырылған ХҚКО-да болып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісіне барды. Содан кейін келелі кеңес құрып, тау-кен металлургия кешенінің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды.

Үкімет басшысының аймақтағы жұмыс сапары туралы толығырақ газеттің алдағы санында жарияланады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 889
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px