ӘЛЕУЕТТІ ӨҢІРГЕ АЙНАЛМАҚ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

ӘЛЕУЕТТІ  ӨҢІРГЕ АЙНАЛМАҚ
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»


Жақында облыстық мәслихаттың депутаты Марат МИРГАЯЗОВТЫҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Онда мына мәселелер қаралды:
1.Қарағанды облысы Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының 2012-2020 жыл­дарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдар­лама­сының орындалысының барысы туралы.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының орталығы Бота­қара кентінің 2014-2018 жылдары дамуының кешенді бағдар­ламасының орындалысының барысы туралы.
Қарағанды облысы Осакаров ауданының орталығы Осакаров кентінің 2014-2018 жылдары дамуының кешенді бағдар­ламасының орындалысының барысы туралы.
Бірінші мәселе бойынша Жез­қазған қаласы әкімінің орынбасары Аманғали Мұхамбедин баян­дады. Оның айтуынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы­ның нақтыланған жоспары  261,4 млрд. теңгені құрайды. Онда 46 шараны орындау қарастырылған. Бүгінгі таңда соның 12-сі жүзеге асқан. Қалғандары орындалу үс­тінде. 2012-2014 жылдары 15,1 млрд. теңге игерілген.
Бұл мәселе бойынша Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ідірісов мынаны баяндады.
Әкімнің айтуынша кешенді бағ­дарламада 22 шараны қамтитын 59 млрд. 577,5 млн. теңге көзделген, оның ішінде республикалық бюджеттен –  43 млрд. 644 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1 млрд. 775 млн. теңге бөлінген. Бюджеттен тыс 14 млрд. 158 млн. теңге қаржы тартылған (оның ішінде «Қазақ­мыс» корпорациясы» ЖШС-нің үлесі – 13 млрд. 857,9 млн. теңге).
Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша баяндама жасаған Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Мырзабеков өңірді дамытудың кешенді бағдарламасының бір-бірімен тығыз байланыстылығына тоқтап, өңір дамуына серпін берген бағдарламаның еш кедргісіз жүзеге асып жатқанын жеткізді.
Екінші мәселе бойынша Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің әкімі С.Бекжанованың есебі тың­далды.
Үшінші мәселе бойынша Осакаров ауданы Осакаров кентінің әкімі Е. Бейсембаевтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамашының айтуынша  кентті дамытудың кешенді жоспары кезең-кезеңімен орындалуда. 2015 жылы жалпы сомасы 978 509,0 мың. теңгені құраған  600 орынды мектеп (құрылысы 2013 жылы басталған), сомасы 17200,0 мың. теңгені құрайтын көтерме жолды асфальт-бетон жамылғысымен жабу ( Северная көшесі – 2900 шаршы метр, Школьная көшесі – 8070 шаршы метр) аяқталған. Басқа да жұмыстар атқарылған.
Комиссия қаралған мәселелер бо­йынша тиісті шешімдер қабыл­дады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 122
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px