Әлеуметтік нысандар – әл-ауқатқа таразы - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Әлеуметтік нысандар – әл-ауқатқа таразы
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан» 
Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Отырыста мәлім болғандай, облыста биыл 39 әлеуметтік нысан бой көтереді.

Бұл мәселе бойынша облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Исабаев ақпарат берді. Басшының айтуынша, осы мақсаттағы жұмыстарға 10,2 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Оның 5,2 миллиарды – республикалық бюджеттен, 2,7 миллиарды Ұлттық банк­тен бөлінсе, жергілікті бюджеттің үлесі – 2,3 миллиард теңге.  
Әлеуметтік нысандар қатар­ында білім саласының 8 нысаны бар. Үшеуінің құрылысы «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы өткен жылы басталған. Олар – Қарағанды қаласындағы мектеп пен 320 орындық бала­бақша және Сәтбаев қаласындағы мектеп.
Ал, денсаулық сақтау саласына қарасты 28 нысан бой көтереді. Облыс орталығындағы 200 орындық көпсалалы балалар ауруханасы биылғы жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс. Қалған 27 нысан – селолық жерлердегі отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар. Оның екеуі жуырда ел игілігіне жол тартып үлгерді. Қос нысан да республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды. Абай ауданына қарасты Құрма селолық округінде және Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылында. Бұған қоса, Нұра ауданының Көбетей ауылында салынған отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны жақын күндері іске қосу көзделуде. Құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы қолға алынған.
Қаржының қолбайлау болуына байланысты 2 нысанның құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Қарағанды қаласы Киров полиция бөлімінің және Нұра ауданындағы Шахтер дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы. Ал, Саран қаласындағы жылу қазандығының құрылысына байланысты мәселе сотта қаралуда.
Бауыржан Исабаев мәлім ет­кендей, әлеуметтік нысандар құрылысын салу барысында сапаға басты назар аударылады. Жалпы, бұл жұмыстар арнайы кес­теге сай жүргізілуде.
Күн тәртібіне орай, аймақ басшысы Нұрмұхамбет Қанапияұлы бірнеше тапсырма жүктеді. Өңірдегі баға тұрақтылығы мен көктемгі су тасқыны мерзімін өткеру мәселелері де аппарат жиынынан тыс қалмады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 174
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px