Мұғалім пайымындағы «Мәңгілік Ел» - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Еліміз егемендік алып, аспанымызда ашық күнмен таласқан Тәуелсіздік таңы атқалы бері ұлттық идея мәселесі жиі айтылып, қолға алынып келеді. Осы мәселеде ел азаматтарының, жалпы жұртшылық қауымының қызу ұсыныстары қаралып, өзара талқыға түскені баршамызға белгілі.

Жалпы ұлттық идея – қазақ халқының өзін-өзі танып, ұлттық көзқараста үлкен тұғырға ие болатын ұлт құндылығы деп айтсақ артық емес. Осындай құндылығы мол, еңсесі биік тұғырлы ел болу үшін елімізге білікті азаматтар керек болатыны хақ. Ал, сол азаматтарды келешекте елінің, жерінің тарихы толғандыратын ел азаматтары болуы үшін ұстаздар қауымының, соның ішінде сынып жетекшісінің алатын орны ерекше. Себебі, ұстаз – бала өмірінің мектеп жолындағы екінші ата-анасы. Сонымен қатар, сынып жетекші яғни, мына біздер – жас бүлдіршіннің үлкен өмірінің рухани іргетасын қалаушы, ата-ананың, жалпы қоғамның үміт ақтар ұлы келешегін сеніп тапсыратын сенімді өкілдеріміз. Сондықтан да сол сенімнің жетегінде зерделі де зерек, парасатты да алғыр, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан дарынды тұлғаларды тәрбиелеуде аянбай еңбек етуіміз керек деген ойдамын.

Мәңгілік елді құру – бірлігі мықты, білімі әлемдік бәсекеге сай, ұлтжанды ұрпақ қолында екені баршамызға аян. Осындай ұрпақ тәрбиелеу – білім мен тәрбиенің тізгінін қатар ұстаған сынып жетекшісінің қолында. Өйткені, «Ұлағатты ұстаз – баланы әуелі мейір мен шапағатқа сонан кейін ғылым мен еңбекке баулу» демей ме дана халқымыз. Менің ұстаздық мұратым: «Өзгенің бақытын аялау, өзімнің уақытымды аямау» Мәңгілік Елдің ұрпағын тәрбиелеу жолында адал еңбектеніп келемін. Шығыстың бір данышпаны «Менің өмірге келіп, жер басып жүруіме себепші болған ата-анам, ал бойыма қанат бітіріп, жерден биікке өсіп шығуыма себепші болған – ұстазым» деген екен. Ендеше, еңсесі биік, бірлігі мықты әрі мығым Мәңгілік Ел болу үшін елдің нағыз патриоттарын, әсіресе, заманымызда болып жатқан әр түрлі өзгерістерден қаймықпайтын, білімге құштар, өр, қайсар, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін рухани дүниесі кең ұрпақты тәрбиелеуде сынып жетекшісінің алатын орны қоғамда ерекше екені тағы да анықтала түсуде. Осымен өз ойымды анықтай келе еліміз тыныш, бай да қуатты және бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан ойып тұрып орын алатындай аянбай еңбек ететін «елге елеулі, халыққа қалаулы» азаматтар, яғни жас қазақстандықтарымыз көп болсын, ал оларды тәрбиелеп, білім ошағында тер төгетін ұлағатты ұстаздардың саны азаймасын демекпін.

 

Күлайым ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Мұрагер» мамандандырылған

мектеп-интернатының

химия пәні мұғалімі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 640
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px