Меморандумға қол қойылды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Меморандумға қол қойылды
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Қарағанды облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған құзырлы орган мен Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының арасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қою қарсаңындағы өзінің кіріспе сөзінде Әділет департаментінің басшысы Мұрат Әбілов ме­морандумның мақсаты – Қа­зақстан Республикасында кәсіп­­керліктің өркендеп әрі қарай дамуы үшін инс­ти­ту­ционалдық негізді қалып­тастыру мақсатындағы тү­­бе­гейлілік, айқындық, ти­ім­­ділік ұстанымдарына сү­йеніп, бір­лескен және ке­­лісілген әрекеттер жасау арқылы Дүниежүзілік эко­­но­микалық форумның жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісіндегі орнын жақсартуға үлес қосу екендігін атап өтті. Ол сондай-ақ, Қазақстан Рес­публикасының дамыған отыз елдің қатарына кіру бағытындағы жүйелі жұмыстарды қамтамасыз етуге дәнекер болатынын тілге тиек етті.
Түптеп келгенде рейтин­гідегі орынның көрсет­кіш­тік деңгейін жоғарылату қазақстандық шынайылықтың айнасы болуы қажет. Кәсіп­керлер мемлекеттік орган­дардың бизнесті жүргізу жағ­дай­ларын жақсартуға қатыс­ты жұмыстарының тиімді әсерін нақты сезінуі тиіс.
Меморандумға қол қою рә­сіміне Әділет департаменті бө­лімдерінің басшылары, Кә­сіпкерлер палатасының қыз­меткерлері, кәсіпкерлер қауы­мы, бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.
Жиын түйінінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері тарапынан қойылған сұрақтарға, тиісінше, тұщымды жауаптар қайтарылды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 217
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px