Мораторий – маңызды шешім - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24 бабына сәйкес, қазақстандық жерлерді шетелдіктер мен шетелдік компаниялардың жекеменшігінде ұстауында тыйым салынған. Сондай-ақ, заң бойынша жерді сатып алған Қазақстан азаматтарына жерді шетелдіктерге сатуға да жол жоқ. Қазақстандағы нотариустердің ҚР азаматтарының шетелдік азаматтарға жерді сатуы бойынша келісім-шарттар жасауына да құқығы жоқ.

Жер кодексіне өзгерістер енгізу барысында мамандар халықаралық тәжірибелерді зерделеді. Оның ішінде, еуропа мемлекеттерінің тәжірибесі бар. Дегенмен, ауылдықтардың, қоғамның келіспеушілігі орын алды.

Сондықтан, ел Президенті ұтымды шешім қабылдады. Мораторий жариялап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге уақыт берді. Халық бұл заңда қарапайым тұрғындардың мүддесіне нұқсан келмейтінін ұғыну керек. Шын мәнінде, жерге қамқорлықпен қарауымыз әрқайсымыздың санамызға жетуі тиіс.

Жерді игеруге салынатын инвестициялардың аз уақыт ішінде жеміс бермейтініне мамандар ерекше тоқталды. Тек, 15-16 жыл уақыт өткенде ғана ауыл шаруашылығы мамандары еңбегінің жемісін көреді. Сондықтан, жерді жалға беру мерзімін ұзарту ұсынылды. Заңдағы өзгерістерде қазақстандық фермерлердің шаруасын дамытуына мол мүмкіндігі бары аңғарылады. Мысалы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтар 50% жеңілдікпен, 10 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігімен сатып алуына жағдай жасалады. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау.

Жер – біздің басты байлығымыз. Яғни, бүгінгі мораторий – маңызды шешім. Мен Қазақстан Президентінің шешімін толық қолдаймын.

Владимир ТУЛИНОВ,

«Наурыз» шаруа қожалығы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 191
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px