«Нұр Отан» партиясынан Қарағанды қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер Бахтияр Серікбайұлы ИСХАКОВТЫҢ сайлауалды бағдарламасы - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

«Нұр Отан» партиясынан Қарағанды қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер Бахтияр Серікбайұлы ИСХАКОВТЫҢ сайлауалды бағдарламасы
Мен, Бахтияр Серікбайұлы Исхаков, 8 тамыз 1954 жылы Ташкент қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келгем. 1971 жылы орта мектепті бітіріп, екі жыл Ташкент қаласындағы кулинарлық техникумда оқыдым. 1973-1975 жылдары кеңес әскерінің қатарында қызмет еттім. 1975 жылдан 1985 жылға дейін Ташкент қаласында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынында өндіріс меңгерушісі болып қызмет істедім. 1985 жылы Қарағанды қаласына көшіп келдім. Екі жыл Қарағандыдағы Орталық базарда сауда кәсіпорынында директордың орынбасары болып еңбек еттім. 1987 жылдан жеке кәсіпкермін. «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. ІV және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайландым. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін. Өзбек этно-мәдени орталығының төрағасымын. Белсенді қоғамдық-саяси қызметім үшін ІІ-дәрежелі «Достық» орденімен және бірнеше медальмен марапатталдым.
Үйленгем, төрт балам, бес немере, екі жиенім бар.
Егер, Қарағанды қалалық мәсли­хатына депутат болып сайлана қалған жағдайда, мынадай істерді қолға алуға уәде беремін:
қарағандылықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, соның ішінде әлеуметтік көмекті шынында қажет ететін азаматтарға – мүгедектерге, көп балалы отбасыларына, зейнеткерлерге, ардагерлерге әрдайым көмек беретін боламын;
дәрі-дәрмектің бағасын өсірмеуге және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт ұйымдарында ақылы қызмет ақысын төмендетуге ықпал етемін;
еңбекпен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашуға нақты мүмкіндік беру, соның ішінде қамаудан босаған азаматтарды жұмыспен қамту, «Баршаға арналған тегін кәсіби білім» беру жобасына қатыса отырып, жастардың кәсіби білім алуына, жұмыссыздықты азайтуға ұмтылатын боламын;
қолжетімді баспанамен қамта­масыз ету, ипотекалық және арен­далық тұрғын үй құрылысына бюджет қаражатының көбірек бөлініп, дайын үйлерді әділ бөлу, жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін беруді жеңілдетуге біртіндеп қол жеткізуге;
білім беру сапасын жақсартып, оны әлемдік стандартқа жеткізуге, балабақшаларды көптеп салу, олар­дың материалдық-техникалық жабдық­тарын жақсару, сонымен қатар, мәдени-спорттық нысандар санын арттыруға белсенді қатысатын боламын;
кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, іскерлік жолындағы кедергілерді азайту үшін «бір терезе» жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етіп, отандық товар өндірушілердің товары мен қызметіне сұраныстың артуына және қала кәсіпорындарына инвестиция тартуға әрекет ететін боламын;
жасөспірімдер қылмысы, наша­қорлық пен маскүнемдікке қарсы күре­сіп, қалада құқық тәртібін нығайтуға ықпал жасаймын;
қала бюджетінің кіріс бөлігін молай­туға бағытталған жұмыстарға қатыса­мын.
Барша қала тұрғындарын келе жатқан Наурыз мерекесімен құт­тықтаймын!
Құрметті жерлестер! Өз табысымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық. Бірлесе әрекет етейік. Сіздердің қолдау­ларыңызды күтемін.

Республикалық бюджет
қаражатынан төленді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 231
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px