Нұра ауданында – жаңа әкім - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Нұра ауданында – жаңа әкім
Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ниқанбай Иманғалиұлы         ОМАРХАНОВ Нұра ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Н.Омарханов 1955 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1977 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2002 жылы Қарағанды мем­лекеттік техникалық уни­верситетін тәмамдаған. Білік­тілігі бойынша, ауыл шаруа­шылығының инженер-элек­тригі, экономист.
Н.Омархановтың шаруа­шы­лық саласында және мемлекеттік басқару ісінде мол тәжірибесі бар. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы саласында түрлі қызметтер атқарды.
2000-2010 жылдары Қар­қаралы ауданы әкімінің орынбасары, әкімі болды. Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, кейін «Агроконсалтинг» АҚ бас­қармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2013 жылдың маусым айы­нан осы тағайындауға дейін Ақтоғай ауданына басшылық жасады.
«Ерен еңбегі үшін» медалі­мен наградталған.

Облыс әкімінің  баспасөз қызметі.    

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 188
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px