Нұралық диқандар жарады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін жауапты кезең – көктемгі егіс жұмыстары бүгінде Нұра  ауданында өз мәресіне жетті. Нұра ауданының экономикалық қуатының 90 пайызын ауыл шаруашылығы саласы құрап отыр. Оның ішінде, көктемгі егіс жұмыстары диқандар қауымы үшін ең жауапты кезең.

– Биыл көктемгі егіс жұмыстары жоғары деңгейде өтті. 15 мамырда басталған жұмыстар 2 маусымда аяқталды. Диқандар жарады. Дән сіңіру науқанын екі ауысымда  жүргізе отырып, 227 мың гектар алқапты 26 күнде игерді. Оның ішінде, 185 мың га. дән ылғал қорын сақтай отырып сіңірілді. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл технологияны қолдану 30%-ға артты, – деп қуанышымен бөлісті ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Уәлихан Оспанов.

Биылғы көктемгі егіс жұмыстарына аудан бойынша 1200 дана техника қатысқан. Науқанға қажетті 5800 тонна жанармайдың 80%-ы жеңілдікпен, 92-95 теңгеден алынған. Арамшөппен күресу үшін 420000 литр гербецид пен 757 тонна минералды қоспалар шаруалардың күшімен алынып, қолданылуда.

 

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 331
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px