Нардың жүгін көтерген нәзік жандар - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Нардың жүгін көтерген нәзік жандар
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
Әйелдердің халықаралық күні мерекесіне орай, облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ аймақтағы әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

– Елбасымыз айтқандай, Қа­зақс­танның әйелдер қауымы ел Тәуелсіздігінің аяққа тұруы мен нығаюына айтарлықтай үлес қосты. Сіздер отбасының береке-бірлігін арттырумен қатар, бізге – ерлер қауымына әркез қолдау көрсетіп отырасыздар. Өздеріңіз де түрлі қиын жұмыстарға белсене араласып жүрсіздер, – деген облыс әкімі аймақтың ару-аналарына ақжарма тілегін арнады.
Мерекелік кездесу маз­мұнды өрбіді. Жиында сөз алған нәзік жандар облыс­та атқарылған оңды істерге де кеңінен тоқталып, келелі істердің басында тұрған жер­гілікті биліктің жұмысына риза­шылықтарын білдірді.
Мәселен, Ақтоғай ауданынан арнайы келген ардагер ұстаз Торғай Ақпанбаева аталған ауданда ашылған Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығын тілге тиек етті. Нұрмұхамбет Әбдібековтің тікелей тапсырмасына орай қолданысқа енген орталық мектеп бітіруші түлектер үшін қолайлы жағдай тудырған. Бұған қоса, аймақ басшысы Ақтоғай ауданында өткен жылы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға бірнеше рет сапар шегіп, апат салдарын жою жұмыстарын жіті қадағалады. Осыны сөз еткен Торғай Ақпанбаева облыс басшысына аудан халқының атынан алғысын жеткізді.  
Қарағандыдағы №3 емхана директоры Сәния Боранқұлова Тәуелсіздік жылдарында ден­саулық саласы, тек, ілгері қадам басып, дамығанын айтады. Ал, облыстық ІІД аса маңызды істері бойынша аға тергеушісі Любовь Панарьина әйелдердің құқық қорғау саласындағы жұмысын сөз етті. Нәзік жандардың өндірістегі еңбегіне «АрселорМиттал Те­міртау» АҚ кран машинисі Ольга Костина тоқталды. Жезқазған гума­нитарлық колледжінің 3 курс студенті Гүлбақыт Төкенова жастардың шығармашылықтағы же­тістіктерін айтса, әйелдердің ұлт­аралық келісімдегі нәтижелері туралы Қазақстан халқы Ассамблея­сы Аналар кеңесінің мүшесі Мария Фатеевна ой бөлісті.
Жалпы, жиынға әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық, аудандық комиссия мүшелері, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, ұстаздар, спортшылар, дәрігерлер мен кәсіпкерлер шақыртылды.
Кездесуде аймақ басшысы көп балалы аналарға мемлекеттік «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін де табыстады. Құрмет иелерінің қатарында – Гүлмира Аманжанова, Қаламқас Рахиева, Толқын Сыздықова, Тілеужан Рысжанова, Лейла Эюбова, Қаржыгүл Алиразарова және Мөлдір Ибраева бар. Ресми дерек бойынша, облыстағы көпбалалы аналардың саны 12 мыңнан асып жығылады.  
Сондай-ақ, өңірдің, елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген нәзік жандар да облыс әкімінің құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен наг­радталды.

Суретті түсірген Л.ГАЛИМОВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 274
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px