Нысандар тынысымен танысты - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Нысандар тынысымен танысты
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ жұмыс бабындағы сапармен Сәтбаев қаласында болып, біршама әлеуметтік маңызды нысандардың тынысымен танысты.
Аймақ басшысы алғашқы кезекте №6 шағынауданға бағыт алып, ондағы салынып жатқан тұрғын үйлердің қазіргі таңдағы жай-күйімен, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Кешенді жоспарға сәйкес, Жезқазған кентінің, қалаға іргелес орналасқан Весовая, Крестовский және ГРП елді мекендерінің тұрғындарын аталған шағынауданға көшіріп, қоныстандыру көзделген. Көп­қабатты тұрғын үйлер салу мақсатында жалпы аумағы 35 гектар жер аумағы анықталып, бөлінген. Сол жерде 1 947 пәтерлік 40 үй салынуы тиіс.
Тұрғындарды көшірудің ек­інші кезеңін жүзеге асыру үшін 9 үй мен ішкі орамдық инженерлік желілер құрылысын салуға республикалық бюджеттен 6,6 млрд. теңге көлеміндегі қаражат бөлінген. Бүгінгі күні жұмыстар  5-ші қабаттарда жал­ғасып, кіреберістердегі құю шаралары атқарылуда. Сонымен қатар, жаңа шағынауданның инженерлік-коммуникациялық ин­фра­құрылымын салу мен дамы­ту мақсатындағы дайындық жұмыстары атқарылып, қажетті материалдар сатылып алыну үстінде.
Одан кейін облыс әкімі 600 оқушыға арналған жаңа орта мектептің құрылысында болып, мемлекеттік қолдау шапағатын сезінген бірнеше кәсіпкерлік нысандарына барды. Олардың қатарында «UlytauMall” сауда-сауық орталығы, «Толқын» сән салоны және «Оразбаева» ЖК сауықтыру-сауық кешені болды.
Сапар түйінінде Нұрмұхамбет Әбдібеков жергілікті кәсіпкер­лермен дөңгелек үстел басында кездесіп, онда бизнес­ке мемлекеттік қолдау көрсету тетіктері талқыланды.
Облыс әкімінің  баспасөз қызметі.   

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 116
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px