Облыста үш ауысымда оқу жойылады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Облыста үш ауысымда оқу жойылады
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыстағы әлеуметтік маңызы бар нысандар  құрылысының барысы туралы алқалы кеңес өткізді.
2016 жылы  Қарағанды облысындағы 36 әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына 10,4 млрд. теңге бөлінген. Бұл болса, облыстың денсаулық сақтау орындары  мен жалпы білім беретін мектептерге деген сұранысын толықтай қамтамасыз етеді.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы бо­йын­ша 3 млрд. 082,9 млн. теңгеге екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Сәтбаев қаласында 600 балаға  және Қарағанды қала­сында 1200 оқушыға арналған мектеп құрылысы. Қарағандыдағы «Кең дала» шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы қолға алынған.
Бұдан бөлек, Қарағандыда көзі нашар көретін балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат құры­­­­лысы жоспарлануда. Оның жал­пы құны – 1,5 млрд. теңге көле­мінде.
Сонымен қатар, білім беруді дамыту бағытында Жаңаарқа ауданында М.Жұмажанов атындағы 150 орындық, Абай ауданының Құрма ауылында 320 орындық мектеп, Жезқазғанда 320 орындық бір балабақша және Қарағандыда аяқ-қолының кемістігі бар балалар мектеп-интернатындағы қосымша жүргізіліп отырған құрылыстарды мәреге жеткізу қарастырылуда.
Ал, денсаулық сақтау саласында Қарағанды қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының құрылысына 5 млрд. теңге 195,3 млн. теңге қаражат бөлінген.
Облыста 27 отбасылық дәрігер­лік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Оның 3-і пайдалануға берілсе, қалған 24-і маусым-шілде айларында жеделдетіп қолданысқа енетін болады.
Кеңес барысында облыс әкімі­нің бірінші орынбасары биыл 4 мектепті, 2017 жылы бір мектепті игілікке беру  арқылы үш ауысымда оқу мен апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толықтай шешілетінін айтады. Келесі жылдарда мектептердің жөнделуі мен материалдық-техникалық жабдық­талуына баса назар аударылмақ.
МЖӘ механизимі аясында Қа­рағанды қаласында 25 бала­бақшаның құрылысы  туралы мәсе­ле талқылануда.
Сондай-ақ, Асылбек Дүйсебаев денсаулық сақтау нысандары бойынша құрылыс биыл мәреге жететінін атап өтті. Сөйтіп, 27 ОДА-ның ауқымды құрылысы  облыс ауылдарындағы медициналық қызметке қатысты мәселенің түйінін шешпек. Бұл амбулаториялардың заманауи жабдықтармен қамты­латыны да айтылды.
Кеңес қорытындысында Асылбек Дүйсебаев әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына бақылау жасауды, сапасына қадағалау жүр­гізуді тапсырды. Әлеуметтік нысан­дарды дер кезінде пайда­лануға беруді ұйымдастыруды міндеттеді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 409
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px