Олимпиадаға қатысу – мерей - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Олимпиадаға қатысу – мерей
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Сейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ «Қарағанды облысының еркін, грек-рим және әйелдер күресі Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезекті отырысын өткізді. Жиынға облыстағы спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.

Отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген маңызды мәселелер жан-жақты және тиянақты тұрғыда талқыланды. Алғашқы кезекте Қарағанды облысының балуандарын Рио-де Жанейро қаласында өтетін XXXI Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау жайына қатысты жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің басшысы Данияр Мыңбаевтың есебі тыңдалды. Одан кейін «Қарағанды облысының еркін, грек-рим және әйелдер күресі Федерациясы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Нұрғазы Жарылғапов Қарағанды облысында күресті дамыту бағдарламасының жобасы туралы баяндама жасады.  
Бүгінгі күннің басты міндеті – Олимпиада лицензиясын ұтып алу. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы осы мақсатта Федерациямен бірлесіп, балуандардың лицензия бөлінетін турнирлерге, Азия чемпионаттарына және халықаралық турнирлерге толыққанды дайындықпен барып қатысуына күш салуда. Олимпаиада лицензиясын ұтып алудан үмітті спортшылар ғана емес, сонымен қатар, болашағынан көп үміт күттіретін жас буын өкілдеріне де тыңғылықты қолдау көрсетіліп келеді.
Жиын қорытындысында Асылбек Дүйсебаев жауапты тұлғаларға мақсатты шараларды әлі де ширата түсу және мезгілдің жауапты міндеті – лицензиялар ұтып алу жолындағы дайындық кезеңінде спортшыларға барынша қолайлы жағдайлар жасау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 177
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px