Орталық жұмысына – серпін - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Мамырдың соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының Жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру тиімділігінің индикаторларын жетілдірудің ІІ кезеңі» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингті «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ақжол Құрмансейіт құттықтау лебізімен ашқан соң модераторлар үш секцияда жұмыстарын жүргізді.

«Жас келсе, іске» демекші, әр уақытта белсенділік танытып жүретін еріктілерге кең көлемде ақпарат беріп, құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін арнайы шақырылған «Қарағанды облысының Ұлттық волонтерлер желісі» бірлестігінің өкілі Татьяна Миронюк жан-жақты қарастырылған қызықты мәліметтерімен бөлісіп, жоғары оқу орындары мен колледждерінен жиналған 65 еріктіні белсенді еңбек етуге шақырды. Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» көрмесінде еріктілерге жүктелетін сенім мен олардың атқаратын жұмыстары баяндалып, жиналған әр жасқа осы бастан білімдерін жетілдіріп, мақсаттарына жетуге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, аймақтарда мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жүйесін талқылап, облысымыздың қоғамдық-саяси өмірінде жастардың әлеуметтік-мәдени ортадағы ролі мен орнын талқылап, жас қызметкерлерге нақты бағыт-бағдар берген Қазақстан жастары конгресі директорының орынбасары, ҚР Президенті жанындығы жастар саясаты жөніндегі кеңес хатшылығының төрағасы Әлия Сәрсекеева мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының сараптама басқармасының басшысы Людмила Бурлаченко жұмыс істеу барысында туындайтын мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Семинар-тренинг барысында «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастарға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау көрсету бөлімінің басшысы Жанар Турлина баяндама жасап, 14-29 жас аралығындағы кеңес алғысы келген барлық жастарға заңгердің, психологтың кеңесімен қатар, мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларға қызығушылық танытқан еңбек саласындағы жас мамандарға, жұмыспен қамту, тұрғын үй мен басқа да кеңес түрлерін алу жолдарын түсіндірді.

Қарағанды облысында жастар саясаты жұмысының дамуына қызығушылық білдіргендердің іс-әрекетін үйлестіріп, жастар саясатындағы басты міндеттерінің қалыптасу жолы мен құрылымындағы нақты мәселелерді шешу мақсатында өткен аталмыш семинар-тренингке облыс бойынша 19 жастар ресурстық орталықтары директорлары мен қызметкерлері, жастар қоғамдық бірлестіктері, аудан-қалалардың ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округтердің мамандары, жоғары оқу орындары мен колледждерінің еріктілері қатысып, барлығы 200 адам қамтылды.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табысталып, модератор болған білікті мамандар Алғыс хаттармен марапатталды.

Соңында барлық қатысушылар Кеншілер мәдениет сарайында «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы – «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін тамашалады.

 

Ернат КЕМАЛОВ,

«Қарағанды облысы  жастар ресурстық

 орталығы» КММ-нің  маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 343
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px