Қос ауданда – жаңа басшы - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қос ауданда – жаңа басшы

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Шет және Ақтоғай аудандарына жұмыс сапарымен барып, аудандық мәслихаттардың сессияларына қатысып, актив жиындарын өткізді. Облыс әкімі аталған аудандардың жаңа әкімдерін таныстырды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және депутаттардың келісуімен, облыс әкімінің өкімімен Шет ауданының әкімі лауазымына   Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ тағайындалды.
Марат Жандәулетов 1957 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. Мамандығы бойынша химия пәнінің мұғалімі және саясаттанушы.
Еңбек жолын Қарағанды об­лысындағы Ақтас кентінде мұғалім болып бастаған. 1984-1991 жылдары партиялық қызметте болған. 1991 жылдан бері мемлекетті кызметте.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Жаңаарқа ауданының әкімі аппаратының референті қызметінен бастап, кейін аталған аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Бұл тағайындауға дейін Жаңаарқа ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және депутаттардың келісуімен, облыс әкімінің өкімімен Ақтоғай ауданының әкімі лауазымына Салтанат ӘБЕУОВА тағайындалды.

Салтанат Әбеуова мамандығы бойынша «орта мектептердегі неміс және ағылшын тілдері пәнінің мұғалімі». Алматы педагогикалық шет тілдер институтын тәмамдаған.
Ақтоғай ауданындағы Қызыларай селосында неміс тілі пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастап, комсомол, партия ұйымдарында қызмет етті. 1992 жылы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратына қызметке қабылданып, түрлі лауазымдарда, оның ішінде, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Аудан әкімінің орынбасары, кейін Ақтоғай ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
Бұл тағайындауға  дейін Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама ісі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 185
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px