Отандық оқ-дәрі зауыты Қарағандыда салынады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Отандық  оқ-дәрі зауыты
Қарағандыда салынады
Өткен дүйсенбіде Қарағанды қаласында облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВТІҢ қатысуымен тұңғыш қазақстандық патрон зауытының құрылысы салынатын жерде капсула қалау рәсімі жүзеге асырылды.
– Бұл жобаны Мемлекет басшы­сы­ның қорғаныс істеріне қатысты өнер­кәсіптерді оқшаулау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысы негізінде «Казтехнологии» компаниясы іске асыратын болады. Аталмыш зауыт Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін пистолет, автомат және пулеметке арналған оқ-дәрілермен жедел түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әскери жұмылдыру дайын­дығын арттырады, – деп атап өтті облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өз сөзінде.
Капсуланы қалау рәсіміне Қа­зақстан Республикасындағы Ка­наданың Төтен­ше және Өкілетті елшісі мен аталған жобаны жүзеге асыруда серіктес болып табылатын Magnum Integrated Technologies компаниясының президенті қа­тысты.
Оқ-дәрі зауытының ғимараттар мен басқа да құрылымдары ке­шенінің құрылысын «Сарыарқа» арнайы эконо­микалық аймағы аумағында салу жоспарланған, сол мақсатқа инфра­құрылымдық қызмет түрлерімен қоса жер телімі бөлінген. Аталған аймақ аумағында барлық қажетті ин­женерлік коммуникациялар, авто және теміржол көлігі қозғалысы жолдары бар. Мұның бәрі ішкі­алаңдық желілерді сыртқы инженерлік магистральдық орта­лықтандырылған желілерге қосу мүмкіндігін береді, тиісінше, өн­дірілген өнімді Қазақстанның кез келген аймағына еш кедергісіз шығаруға қолайлы жағдай тудырады.
Патрондарды жасап шыға­ратын қондырғы Кана­даның атағы алысқа тараған WaterburyFarrel компаниясынан жеткізіліп, ор­натылмақшы. Қысқасы, атыс қару­ларына арнал­ған оқ-дәрі шыға­ратын қазақс­тандық зауыт озық үлгідегі қондыр­ғы­мен жабдықталады.
Құрылыс жұмыстарын тиянақ­тау 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Аталған жоба бойынша инвестиция көлемі 22 000 млрд. теңгені құрап, өнеркәсіп ошағы іске қосылғанда 164 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
Бұл зауыттың пайдалануға берілуі Қазақстанға атыс қару-жа­рағы оқ-дәрілерін өндіруші ел­дердің қатарына ұзақ мерзімге ену мүмкіндігін береді. «Казтехнологии» АҚ қазірдің өзінде зауыт өнімдерін экспортқа шығаруға байланысты келіссөздер жүр­гізуде. Сонымен қатар, «Ka­dex-2016» көрмесін өткізу аясын­да өнімдерді біршама елдерге өткізу жөніндегі келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 305
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px