Пәтер кілттерін тапсырды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Пәтер кілттерін тапсырды
Кеше, яғни, Наурыз мейрамы – Жаңа күн табалдырықтан аттар тұста облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ қарағандылық отбасыларға жаңа әрі жайлы пәтерлердің кілттерін тапсырды.

Ұлы мейрамның қарсаңында баспанаға мұқтаж жандарды қуанышқа кенелтуші тарап – «Қазақстандық ипотекалық компания ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша «Аймақтардың 2020 жылға дейінгі дамуы» бағдарламасы.
Облыс орталығында Моховая 6/1 мекен-жайында ор­наласқан кірпіштен салынған үш қабатты тұрғын үйде 2 бір бөлмелі, 12 екі бөлмелі және 5 үш бөлмелі, жалпы жиынтығы 19 пәтер бар. Жаңа үйдің құрылысын салушы – «СМУ-5» ЖШС.
Пәтер кілтін иеленгендердің арасында мемлекеттік қызмет­шілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, то­лық емес отбасылар бар.
Облыс әкімі жаңа қоныс иелеріне құтты болсын айтып, көктемнің көрікті мерекесіне орай ізгі тілегін жеткізді. «Сіздердің Ұлық мейрамның қарсаңында жаңа пәтер кіл­тін алғандарыңыз үшін өте қуаныштымын. Осынау ерекше есте қалар сәттің Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығы аталып өтілетін жылы орын алуы – тым жарасымды. Атаулы күндерді біз тек мерекелік салтанаттармен ғана емес, нақты істермен, оның ішінде, жаңа тұрғын үйлер құрылысының салынуымен де атап өтетін боламыз» деді аймақ басшысы.
Сөз орайы келгенде 2015 жылы облыста «Аймақтардың 2020 жылға дейінгі дамуы» бағдарламасы аясында 389 отбасы баспаналы болғанын, ал, биылғы жылы 367 отбасын жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарланып от­ырғанын атап өткен жөн.
Облыс әкімінің  баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 340
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px