Пәтер кілттерін тапсырды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Пәтер кілттерін тапсырды

Шуақты көктем мен достықтың мерейлі мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ қарағандылық 30 отбасына жаңа әрі жайлы пәтерлердің кілттерін табыс етті.

Заманауи үлгідегі дербес жылыту жүйесі бар баспаналар облыс орта­лығындағы Кемеровская көшесі 1, 2, 3 мекен-жайында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Қазақс­тан­дық ипотека компаниясы ИҰ» АҚ Тұрғын үй» бағыты бойынша салынған үш көппәтерлі, бес қабатты үйден берілді.
Аталған мекен-жайлардан, жалпы алғанда, 72 баспана – 30 екі бөлмелі, 27 үш бөлмелі және 15 төрт бөлмелі пәтер пайдалануға беріледі. Құрылыстың бас мердігері – «Жұбанышев» ЖК, ал, қосалқы негіздегі әлеуетті орындаушы ұйым – «Аспап» ӨК. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 342 млн. 421 мың 260 теңгені құрайды.
Жаңа пәтерге қоныстанып, қуанышқа кенелгендердің қатарында мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мүге­дектер, толық емес және көп балалы отбасылар бар.
Баспаналар кілттерін тапсыру барысында жаңа пәтерлерді иеленушілердің қуанышын бөліскен Нұрмұхамбет Қанапия­ұлы оларды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен де құттықтады.
– Көктемнің осынау ерекше шуақты күндері біз бейбітшілік пен қайырым­дылықтың, өзара түсіністік пен келісімнің салтанатын атап өтеміз. Бәлкім, мерекеге лайықты ең тамаша тарту өзінің жеке баспанасының кілтін қолына алу шығар. Сіздердің көпшілігіңіз осы сәтті ұзақ жылдар күттіңіздер. Біз қуанышты сәттің куәгері болып тұрмыз. Азаматтардың жайлы тұрмысы үшін жағдай жасау – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың жергілікті ат­қарушы билік органдарының алдына қойып отырған міндеттерінің бірегейі. Біз бұл міндетті кезең-кезеңімен орнықты жүзеге асырып келеміз, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Сөз орайы келгенде биылғы жылы 367 отбасын жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарланғанын айта кеткен жөн.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 311
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px