Партиялықтар қатарын толықтырды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Астана күнін мерекелеу қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Шахтинск қалалық филиалының мүшелері, қалалық мәслихаттың депутаттары – Ольга Файзуллина, Акбар Меллятов және партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалымтай Қаржасов жеті адамға партия билеттерін салтанатты түрде табыс етті.

Осы күні Ленин атындағы шахтаның тау-кен шебері Сергей Бондаренко, «Цесна банк» филиалының қызметкерлері – Дания Закрина, Татьяна Бодаш, Марина Ким, Надежда Руш, Айнұр Әбдіғалықова және Сәния Үмбетова партия қатарын толықтырып, мүшелікке өтті.

– Астана күнін мерекелеу қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев басшылық ететін «Нұр Отан» партиясының мүшесі болғаныма қуаныштымын. Партиямыз әрқашан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, тұрмыс-тіршілігінің деңгейін көтеруге қызмет етіп, ел тыныштығын, ұлттардың береке-бірлігін сақтап келеді. Осындай мәртебелі партияның қатарын толықтырып отырғанымды мақтан тұтамын, – деді «Цесна банк» қызметкері Айнұр Зейнуллақызы.

Партия мүшесі атанған шахтинскіліктерді Астана күнімен және партия мүшесі болғанымен қалалық мәслихаттың депутаттары құттықтап, еңбектеріне жемісті табыс тілеп, партияның өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды.

 

Амангелді ТҰРЖАНОВ.

ШАХТИНСК қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2440
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px