Құрметті қарағандылықтар! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Құрметті  қарағандылықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

Біздің тәуелсіз Отанымыз үшін бұл күннің ерекше мағынасы бар. Еліміздің тарихын, мәдениетін  және басты құндылықтарын айрықша айқындайтын меншікті  рәміздерімізге ие болғанымызға 20 жыл өтті.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұран – біздің ұлттық жетістіктеріміз.  Ел мен жердің  өткен тарихына, мемлекеттік тілге, мәдени құндылықтарға,   салтқа деген құрметтің бірден-бір рухани жаршысы. Болашаққа деген сенімді нығайта түсетін, жігерлілік танытатын, жылылық  ұялататын елдігіміздің берік қамалы.

Мемлекеттік рәміздеріміз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Осы орайда  Елбасымыздың мемлекеттік туды, елтаңба  мен әнұранды қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, ақжолтайына айналар әнұранының түрі, табиғаты жағынан төлтума, мазмұны жөнінен осы заманғы өркениетті мемлекет идеясына үндес рәміздер болып шығуы еді.

Басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара елтаңбамыздағы   күннің бейнеленуі жас мемлекетіміздің бүкіл әлеммен  ынтымақтастық,   достық қарым-қатынаста болуының нышаны. 

Қазақстан Республикасы елтаңбасының ортасындағы шаңырақ – отбасылық береке мен бірліктің, достықтың айғағы, біздің ұлттың алтын бесігі. Асыл діңгек аман болса, алтын бесік мәңгілік өмір жырымен тербеле береді деген ұғым бар. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүтін қазақ елінің символы іспеттес.

Елбасымыздың «Қазақстан- 2050» стратегиясында жариялаған негізгі бағыттары, алға қойған мақсаттары  біздің көп ұлтты мемлекетіміздің  негізгі жетістіктері.

Отанымыздың абыройын асқақтату,   жетістіктеріне үлес қосу,  алыс перспективаларға ендеп бойлайтын болашақ үшін еңбек ету әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің іргетасының мықты болуы  ұйымшылдық пен ауызбіршілік екендігі бәрімізге айғақ.  Мемлекеттік рәміздер – егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Әнұран – осы ізгі ұғымдардың бірден- бір рухани жаршысы. Осындай еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет пен тағзым отансүйгіштік, патриоттық сенімді ұялатады.  

 

Құрметті қала тұрғындары!

 

Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қабылдағанына бүгін 24 жыл толып отыр. Барлығымыз бүгінгі мерекені өз Отанымызға деген мақтанышпен қарсы алудамыз. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!

Біздің еліміз үшін ерекше мәні бар бұл күні Қазақстанның өсіп өркендеуіне, мемлекеттік рәміздеріміздің бүкіл әлемде кеңінен танылуына, оның әдемілігі мен асқақтығына тек қана қазақстандықтар ғана емес басқа да әлем халықтарының сүйсінуіне тілектеспін!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Мерекелеріңізбен құрметті жерлестер!

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

К.Бексұлтанов,

қалалық мәслихаттың

хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 309
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px