Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 11.12.2017

Құрметті қарағандылықтар!  
Елордамыз Астананың туған күні құтты болсын!  
Еліміз Тәуелсіздікке қол жетізгелі бері көптеген жетістіктерді бағындырды. Қазақстан мемлекетінің  әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл санап жақсарып, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі беделі де өсе түсуде
Астана – Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде берік қалыптасып, айбары асқан, дәулеті тасыған айбынды елге айналғандығының айқын көрінісі. Астана – біздің еліміздің жарқын болашаққа жасаған қарышты қадамының белгісі, барша қазақстандықтардың зор мақтанышы.
Жақын және алыс шетелдерге атақ-даңқы кеңге жайылған Қазақстанның мәртебесін асқақтата түскен тағы бір тарихи оқиға – Еуразия кіндігінде жаңа Астананың бой көтеруі болды.
    Ғасырлар тоғысы мен өтпелі кезеңде нар тәуекелге бел буып, Елорданы Астанаға көшіру бастамасын қолға алған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік саясаты бүгінде өз нәтижесін беруде.  
   Елбасының тікелей басшылығымен жаңа серпінмен бой түзеген еңселі елордамыз Астананың іргелес орналасқан қазыналы Қарағандыға өзіндік шапағатын тигізіп отырғанын аңғару қиын емес. Қашанда жаңашылдық пен жақсылыққа, өркениетке жеткізер өрелі істерді бағындыруға ұмтылу – уақыт талабы десек, бұл бағытта облыс орталығында да қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игілікті шаралар аз емес.  
   Бірлік пен ынтымақтың, өзара түсінушілік пен татулықтың тал бесігіндей болған ару қаламыздың, бас қаламыздың іргесі берік, керегесі кең болып, шаңырағы биіктей берсін!
Азаттықтың арайлап атқан әр таңы әрбір отбасына құт-береке, баянды бақыт әкелсін!
Н.Әубәкіров,
Қарағанды қаласының әкімі.                                              
Қ.Бексұлтанов,
қалалық мәслихаттың хатшысы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1173
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1199
count 88x31px