Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сіздерді Қазақстан халқының Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – қазақ жерінде тұрып жатқан барлық ұлттардың арман-тілегі мен асқақ мұраттарын біріктірген, бейбітшілік пен келісімді қолдайтын халқымыздың тамаша дәстүріне айналған мереке. Біздің еліміз ешкімді ұлттық белгісіне қарай бөлмей, тілдерін ескеріп, әрбір ұлттың дәстүрін құрметтеп, барлық әлемдік қауымдастыққа бірлік пен достықтың нағыз үлгісін паш етуде. Осыған орай, біз халқымыздың жағдайын жақсарта отырып, еліміздің экономикасын қарқынды дамытудамыз.

Биылғы ұлт бірлігі мерекесі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына дөп түсіп отыр. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз, халқымыздың баға жетпес ерлігі. Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты мен даналығы Тәуелсіздікке ерекше ықпал етті. Біздің барлық жетістігіміз бен мәртебеміз – әр алуан ұлттардың діни көзқарастарына қарамастан, ешқашан кіршік шалмайтын ұлы достығының нәтижесі.

Бүгінгі мерекеге еліміз үшін үлкен жаңалық болған ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауынан алған үлкен әсермен келдік. Сайлаудың ерекше нәтижесі бізге және дүние жүзі елдеріне Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы берік екенін көрсетті.

Ел Президенті Н.Назарбаев «Біз әр ұлтты болсақ та, бәріміз біріккен Қазақстан халқының тең балаларымыз!» деп атап өтті. Барлығымыздың ортақ мақсатымыз – Отанымызды гүлдендіру.

Еліміздің тәуелсіз даму жылдарындағы ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық біздің қоғамның негізі болып қалыптасты. Осыған орай, экономикалық және саяси-әлеуметтік реформамыз ойдағыдай табысты өтті. Мұның бәрі біздің нық қадамда, ілгері жолда екенімізді анықтайды.

Қарағандыда 100-ден артық ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрып жатыр. Ұлтаралық келісім жағдайында достық пен бейбітшілікте қатар өмір сүруміз, жылдар бойы жиналған тәжірибеміз – ортақ ұлттық жетістігіміз.

Қаламыздың көпұлтты тұрғындары, халықтың этникалық құрамы Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін керемет үлгі болып табылады.

Құрметті жерлестер!

Ертеңгі достық пен бірлік мерекесі, татулық пен ынтымақтастықта, бірлікте кез келген биік шыңдарды бағындыра алатынымыздың тағы да бір дәлелі болмақ.

Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында, әрбір отбасында тыныштық пен бейбітшілік орнасын!

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және татулық пен ынтымақ­тастық тілейміз!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

қалалық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 196
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px