Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Денсаулық сақтау саласының қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дәрігер мамандығынан асқан жауапты әрі мейірімді мамандықты табу қиын.
Сіздер өз өмірлеріңізді жауапты, қайырымды іске – адамның жаны мен тәнін сауықтыруға арнадыңыздар. Сіздер – ақ халатты абзал жандар, әрдайым, демалыс күні болсын, мереке болсын біздің жанымыздан табыласыздар, көмекке келесіздер.  
Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың денсаулығы – мемлекет дамуының басты құндылықтарының бірі екендігін үнемі еске салады. Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – заманауи, қуатты, жоғары технологиялық және тиімді, жемісті медицинаны дамыту. Бұл күні Қазақстанда емдеудің, зерттеудің алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу мен медицина саласының материалдық-технологиялық базасын нығайтуға бағытталған қаражат көлемі ұлғайып келеді.
Бір қуантарлығы, біздің өңірде де медициналық қызмет түрлері халыққа қолжетімді бола түсіп, көптеген ауруларды емдеуге мүмкіндік туды. Денсаулық сақтау саласының жаңа нысандары бой көтеріп, барлық тұрғындардың заманауи емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда сапалы қызмет алуына жағдай жасалды.
Қарағандылық медицина әрдайым өзінің мектебімен, білікті мамандарымен мақтанады. Біздің Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті мен колледж технологияларды жетілдіру, емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу ісін жалғастыруда. Бұл елдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға тың серпін береді.
Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне де алғысымыз шексіз. Олар дәрігерлердің жас толқынына мол тәжірибесін ұсынады. Сіздердің еңбектеріңіз ең жоғары құрмет пен сыйға лайық.
Медицина саласына кез келген жан ат шалдырмайды. Сіздердің мамандық – асқақ абырой. Өзгеге қол ұшын беру. Өмірді сақтау мен деннің саулығын қалпына келтіру – асқан жауапкершіліктің, ерен еңбектің нәтижесі.
Облыс тұрғындарының атынан Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға бақыт, жігер, кәсіби өрлеу және де зор денсаулық тілейміз!
Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Р.ӘБДІКЕРОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 584
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px