Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері!
Баршаңызды мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мәдениет саласы өте кең ұғым. Мәдениеттің қалыптасуына ақын-жазушыларымыздың да, әнші-бишілеріміздің де, күйшілеріміздің де, өнертанушылар мен сурет­шілеріміздің де, кітапхана, тарихи-өлкетану музейінің қыз­меткерлерінің де, мәдениет үйі клубтарының, ансамбльдер мен халық театрларының да үлес қосатындығы баршамызға мәлім. Қарап отырсаңыз, осынау салада қаншама мамандар мен қызметкерлер еңбек етіп, рухани дүние тәрбиешісіне айналып отыр. Олардың шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарда жүлдегер атанып жүр. Мемлекеттің атын, елдің даңқын шығаратын – мәдениет пен спорт, ғылым мен білім.
Елбасы Нұрсұлтан   Назарбаев әр­дайым мәдени мұрамыздың ма­ңыздылығына ерекше мән беріп от­ырады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтап, ұлықтау жолында аянбай еңбек етуге шақырады.
Бүгінгі күні мәдениет саласы қоғамдық көңіл-күйге зор әсер беруші болып табылады. Мәдениет саласының қызметі тұлғаның рухани қалыптасуына, мемлекеттік тұғырдың орнығуына үлес қосуда.
Сіздер, ұлт бірлігінің ұйытқысы, мәдени өрістің өзегі болып табыласыздар. Сондықтан да, Сіздерге үлкен жауапкершілік пен зор жүк артылады. Осы бір айтулы мереке күні мәдениет пен өнер саласының барша өкілдеріне, әсіресе, халқымызға еңбегі сіңген аға ұрпаққа айтар алғысымыз шексіз. Олардың қол жеткізген нәтижелерін біз мақтаныш етеміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге денсаулық және береке тілейміз! Мәдениет қызмет­кер­лерінің жетістіктері мен жеңістері көбейе берсін!

Н.Әубәкіров,
Қарағанды қаласының әкімі.
Қ.Бексұлтанов,
Қарағанды қалалық  мәслихатының  хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 170
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px