Құрметті облыс тұрғындары! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016


Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді Ұлы мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ықылым замандардан бері халықтың рухани ұлылығын паш етіп, уақыт пен алуан кезең ұрпақтарының үздіксіз байланысын дәріптеп келе жатқан бұл мереке – көктемдегі күн мен түннің теңелуінің айғағы, барлық тіршілік атаулының жандануы мен жаңғыруының рәмізі. Біздің ата-бабаларымыз Наурыздың бейбіт ғұмырға, жасампаз өмірге, қайырымдылық пен келісімге бастау боларына кіршіксіз сенген. Бүгінгі осынау ұлық мереке идеялық-адамгершілік мазмұндағы терең мағыналы жаңаша сипатты иеленуде. Көктемдегі күн мен түннің теңелу күні Қазақстан халқының бірлігі мен өзара үйлесімділігі, оның бақыты мен ізгі ниетті ұстанымдарының рәмізіне айналып келеді.
Біз үшін биылғы Наурыз мейрамының айрықша маңызы бар. Өйткені, оны Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығы өтетін жылы атап өткелі отырмыз. Бұл атаулы мерейтойлық күндерді біз лайықты нәтижелермен қарсы алатын боламыз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған жүйелі әрі мақсатты саясаттың арқасында бейбітшілік пен өзара түсіністік ахуалы орныққан. Себебі, Тәуелсіз Отанымыздың өркендеуі жолындағы барша қазақстандықтардың басты мақсаты – біздің ымырамыз бен тұтастығымыз болып табылады.
Біз облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді мақтаныш ете аламыз. Қалалар мен аудандарда орын алып жатқан жағымды өзгерістер – Сіздер мен біздердің біріге тізе қосқан жасампаз еңбегіміздің нәтижесі. Бүгінгі күні біздің алдымызда тың әрі ауқымды міндеттер тұр, әрқайсымыздың күш-жігеріміз соларды мінсіз жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.
Алдағы жылдың біз үшін әлеуметтік және экономикалық басымдықтарды табысты жүзеге асыру, мемлекетіміздің Тәуелсіздігін одан әрі нығайту жылы боларына күмәнсіз сенеміз.
Баршаңызды осынау тамаша мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге шынайы пейілмен мықты денсаулық, отбасы бақытын, толайым табыстар тілейміз.
Біздің ортақ шаңырағымыз, Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, дами берсін!
Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Н.ДУЛАТБЕКОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 232
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px