Құрметті облыс тұрғындары! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесінің атынан көктемнің көркем мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Наурыз мейрамы – тіршіліктің түлеуі мен табиғаттың жаңаруын әспеттейтін және жаңа асуларды бағындыруға үндейтін жалпыхалықтық мерейлі мереке. Бұл мереке бейбітшілік, келісім, тұрмыстың тұғырлы мәдениеті мен қоғамдағы рухани қазынаның нығаюы және насихатталуына ықпал етеді.
Дәл осынау жалпы адамзат баласына тән құндылықтар «Нұр Отан» партиясының Доктринасында, «Қазақстан – 2021: Бірлік, Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа партиялық бағдарламасында көрініс тапқан.
Барлық деңгейдегі депутаттарды таңдауға байланысты өткізілген сайлаудың осы мейрамға дөп түсуі – жарасымды.
Қазіргі таңда елде «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлттық жоспарын іске асыруға қатысты аса ауқымды іс-шараларды жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерге мықты денсаулық, жайлы тұрмыс, өркен жаю мен бақыт тілеймін!
Наурыз мейрамы Тәуелсіз Қазақстанның нығаюы мен одан әрі жаңғыруының, жаңа әлеуметтік-экономикалық жетістіктердің бастау алуының жоралғысына айналсын!

Қ.ОСПАНОВА,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 325
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px