Құрметті облыс тұрғындары! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді тамаша мереке – Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!

Отбасы ықылым замандардан бері қоғамның негізі, рухани-адамгершілік ұстанымдар мен құндылықтардың, мәдени-ұлттық дәстүрлердің сенімді сақтаушысы болып келеді және болып қала береді.

Отбасының арқасында адам өз өмірінің мәнін түсінеді, дүниені сан қырлы әрі күрделі қалпында танып-біледі, сол арқылы жеке тұлға, азамат ретінде қалыптасады. Елдің нақты тағдыры ғана емес, оның болашағы  қандай болатыны да әр қазақстандықтың адами келбеті мен дүниетанымына тікелей байланысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отбасы – біздің қоғамның өзегі, Қазақстанның экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі екендігін сан мәрте атап өткен болатын. Мемлекеттің мықтылығының кепілі – отбасы тұрақтылығы мен отбасылық дәстүрлердің сақталуында, ал, отбасының жайлы тұрмысы қоғам мен жалпы ұлттың мінсіз тазалығының көрсеткіші болып табылады.

Қарағанды облысында отбасы институтын дамыту мен оның мәртебесін арттыру мақсатында тиімді жағдайлар тудыруға ұдайы көңіл бөлініп келеді. Көпбалалы отбасыларына қолдау көрсетуге, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтып, демалысын ұйымдастыруға, аға буынның материалдық жағдайын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, табысты жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда біздің ортақ табысымыздың арқасында әлеуметтік төлемдер көлемі артып, отандық білім берудің деңгейі өсе түсуде. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологиялар енгізіліп, барлық жерде индустриялық-инновациялық жобалар аясында жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Мамырдың осынау мерекелі күні Сіздерге шын жүректен шадыман шаттық, балаларыңыздың жетістіктері үшін мерейлі қуаныш, жасы үлкенге құрмет сезімін, мықты денсаулық және бақыт тілейміз! Әр отбасында тыныштық, мейірім мен сүйіспеншілік үстемдік құра берсін!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 263
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px