Құрметті облыс тұрғындары! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің күнімен құттықтаймыз!

Еліміздің Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік рәміздер туралы заңға қол қойды.

Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіз елдің жаңарған нышандары. Рәміздеріміз көпұлтты халқымызды бір арнаға тоғыстырып, Қазақстанды бұдан да қуатты, гүлденген мемлекетке айналдыруға талпындырады.

Мемлекеттік рәміздер – болашаққа деген сенімімізді нығайтатын ортақ құндылығымыз. Рәміздеріміз арқылы қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік тіл­ге, мәдение­тіміз бен салт-дәстүрімізге деген құрметті нығайта түсеміз.    

Міне, Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Мемлекеттік рәміз­деріміз біздің бағытымызды айқындап келеді. Біз қазір еркіндік пен біртектілікті бейнелейтін Туымыздың астында өлкеміздің жаңа тарихын қалыптастырудамыз.

Тәуелсіз Қазақстанның рә­міздері халықты біріктіреді. Сон­дай-ақ, біздің – көпұлтты мем­лекет екенімізді және әрқай­сымыздың жетістігіміз – ортақ игілік екенін көрсетеді.

Бүгінгі мереке – Отанға деген адалдықты, ел тағыдырына деген жанашырлықты көрсетудің, жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рә­міздеріне құрмет көрсетуге баулудың тағы бір мүмкіндігі.  

Осынау атаулы күні Сіздерге, құрметті жерлестер, бей­біт әрі бақуатты өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, сәт­тілік тілейміз!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 358
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px