Құрметті облыс тұрғындары! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді республикамыздың бас қаласы – Астана қаласының туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана күні – барлық қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Себебі, Қазақстан өзінің айқын мақсаты мен мол мүмкіндіктерін Астана арқылы әлемге паш етеді. «Ел маржаны» Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен, көпұлтты халқымыздың ерен еңбегімен бой көтерді, еңсесін тіктеді. Аз ғана уақыттың ішіндегі осыншама ауқымды өзгеріс ғаламшардың ешбір мегаполисінде болған емес.

Заманауи Астана біздің тәуелсіз мемлекетіміздің символына, елдің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің орталығына айналды. Қазақстанның қалыптасқан саяси және мәдени орталығына шетелдік инвестициялар көптеп тартылып, сәулет өнерінің теңдессіз туындыларының іргесі қаланып, ең ауқымды жобалар қолға алынуда.

Қазақстандықтар өз астанасымен, жеткен же­тіс­тіктерімен мақтанады, оның жарқын болашағына кәміл сенеді.

Өзге өңірлер сияқты, Қарағанды облысы да астана құрылысына сүбелі үлес қосуда. Біздің аймақтың көптеген ұйымдары Елорданың іргетасы қаланған сәттен-ақ түрлі нысандарды іске қосуға атсалысты. Облысымыз бен Астана кәсіпорындары арасындағы іскерлік байланыс та нығайып келеді.

Біз астанамызбен мақтанамыз. Астана – жалпыұлттық жемісіміз. Сондықтан, оның туған күні – қазақстандықтардың ортақ мерекесі, мемлекет жетістігінің айқын көрінісі.

Қымбатты жерлестер, Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің жарқын болашаққа қадам басқан астанамыз гүлдене берсін, барлығымызды бір арнаға тоғыстырып, әлемдік қауымдастықтағы ұстанымы нығая түссін.

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық пен тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлес қосар еңбектеріңізге жеміс тілейміз!


Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 808
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px