Құрметті жамиғат! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Құрметті жамиғат!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Рамазан айы барша мұсылман қауымы үшін ең қадірлі де, ең маңызды ай болып саналады. Себебі, адам жанын тазартып, жаман істерден сақтайтын осы қасиетті айда Алла Тағала жер бетіне Құран-кәрімді түсірді. Ал, Құран – Ислам дінінің тірегі, мұсылмандардың өмірлік заңы.

Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күні Елбасымыздың cаясатының арқасында жастарымыз имандылық жолына түсіп, мешіттердің саны да көбейіп келеді. Біздің облыстық мешітімізге де былтырғы жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Биыл да осындай игі істер жалғасын тауып жатыр. Әрине, бұл бүкіл облыс тұрғындары үшін үлкен қуанышты жағдай деп есептейміз.

Сондықтан, осы қайырымды іске өз үлесін қосқан азаматтарға мұсылман қауымы атынан алғысымызды айтамыз.

Қасиетті Рамазан айы бар­шамызға имандылық, береке, бірлік әкелсін.  

Оразаларыңызды Алла қабыл етсін!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың

хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 357
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px