Құрметті жерлестер! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Біздің көпұлтты республикамыздың барлық тұрғындарының достығы мен келісімін паш еткен бұл мереке әрбір қазақстандық үшін өте қымбат.

Бірлік күнін атап өту халқымыздың игі дәстүріне айналды. Бұл күн қазақтың қасиетті даласына қоныстанған елдің ең асқақ арманы бір арнаға тоғысқанын айғақтайды.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз достықты сақтап қалдық. Халықтың ерік-жігері арқасында біз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностардың тең құқылығы, бірлігі мен келісім жолын таңдадық» деп атап көрсетті.

Көптеген ұлттар мен халықтардың өкілдері Ұлы Даланың жерін өз Отаны деп біледі. Бірлік пен азаматтық ынтымақтастықтың дәстүрі – біздің қоғам мен мемлекет дамуының негізі. Біртұтастығымыз бен ауызбіршіліктің нәтижесінде, Тәуелсіздіктің 25 жылында біз гүлденуші Қазақстанның негізін қаладық. Мемлекетіміз әрбір ұлт пен халықтың тілін, дәстүрі мен мәдениетін құрметтей отырып, әлемдік қауымдастық алдында достық пен бірліктің үлгісін ұсынды.

Біздің өңір тұрғындары үшін Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше мазмұнға ие. 115 ұлт өкілінің басын қосқан жетпіс бес этно-мәдени бірлестік жұмыс істейтін Қарағанды облысы әрдайым халықтар достығының алтын бесігі саналды. Біз, тек, бірлесе отырып қана Қазақстанның, Қарағанды облысының өмірін өркендетуге бағытталған бастамаларды жүзеге асыра аламыз. Ертеңгі күнге деген сенімімізді де бірлесе нығайтамыз.

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, көктемдей көңіл, жасампаз еңбектеріңізге жеміс, бейбіт өмір, бақыт пен молшылық тілейміз!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 194
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px