ҚҰРЫЛЫС КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жезқазған кенті тұрғындарының қоныс аударуының екінші кезеңіне байланысты Сәтбаев қаласында үстіміздегі жылы 805 пәтерлік 15 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. Осы аптада облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев жаңа ықшам аудандағы құрылыс басында болып, жұмыс барысын саралады.

Бұл – Үкіметтің кенді өңірдің әлеуметтік-экономикалық да­му­ының Кешенді жоспарында белгіленген маңызды бағыт­тардың бірі саналады. Соған орай, облыс әкімінің бірінші орынбасары құрылыс басына ұдайы келіп, жұмыс барысын жіті қадағалауда. Жыл басында бекітілген жоспар бойынша 9 көпқабатты үй құрылысын үстіміздегі жылдың қыркүйек айында аяқтау  белгіленсе, 6 тұрғын үйдің құрылысын 30 желтоқсанда бітіру межеленген болатын. Қазіргі  жұмыс барысы белгіленген кестеден ауытқушылықтың жоқ екенін көрсетіп отыр. Мердігерлер қайта, кестеден оза қимылдап, осы маусым айының ортасында екі үйдің құрылысын аяқтауды ұйғарса, тағы төрт үйді шілде айында тапсыруға күш салуда. Жалпы, барлық тұрғын үй құрылысына 8,3 млрд. теңге қаржы бөлінген. Олардың инженерлік желісінің құрылысына 1,8 млрд. теңге қарастырылған. Жұмыс кестеге сай қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңында 805 адам еңбек етуде, 45 техника іске қосылған. Бүгінге дейін 1210 метр су құбыры толық тартылса, жылу мен кәріз жүйелерінің 30-40% аяқталған.

Жаңа ықшам ауданда 600 оқушылық мектеп ғимараты салынуда. А.Дүйсебаев мектеп құрылысының жай-жапсарымен де жан-жақты таныс­ты. Құрылыс алаңында ол мердігер ұйымдар басшыларының есептерін тың­дады. «Строин» ЖШС учаске бастығы Ж.Шекібаевтың айтуынша, барлық жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Құрылыс материалдары жеткілікті. Мектеп құрылысы үстіміздегі жылдың тамыз айында аяқталады.

 

  СӘТБАЕВ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 323
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px