Құрылыс тынысымен танысты - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Құрылыс тынысымен танысты
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Сейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ Қарағанды қаласындағы жаңа «Кең Дала» шағын   ауд­а­ны аумағында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру және мектепке дейінгі тәрбие ошақтарындағы жұмыстың жай-күйімен танысты.
Нысандардың алғашқысы – 1200 оқушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп (жалпы конкурстық құны – 1 516, 149 млн. теңге), ал, екіншісі – 320 орындық балабақша (жалпы конкурстық құны – 693, 952 млн. теңге).
Жұмыс сапары кезінде облыс әкімінің бірінші орынбасары атбасын тіреген нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының бү­­гінгі таңдағы барысы туралы облыстық құрылыс бас­қармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Исабаев хабарлама жасады.
Аталған екі нысанның құ­рылыс жұмыстарын биылғы жылдың шілде айында тиянақ­тау жоспарланған. Оның ор­нықты орындаларына сенім бар, себебі, жұмыстар көлемі бекітілген жобалар мен кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сапар соңында Асылбек Дүйсебаев тиісті тұлғаларға жұмыстарды жүйелі және сапалы жүргізуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 317
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px