Рысқали Қалиақпарұлы ӘБДІКЕРОВ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Рысқали Қалиақпарұлы ӘБДІКЕРОВ
Қарағанды облыстық мәслихатының 25 наурызда өткен І сессиясында облыстық мәслихаттың хатшысы болып Рысқали Қалиақпарұлы ӘБДІКЕРОВ сайланды.

Р.Әбдікеров 1959 жылы 12 маусымда туған.
Қарағанды мемлекеттік уни­верситетін (1981 ж.), БЛКЖО ОК жанындағы жоғары  ко­м­сомол мектебін (1988 ж.), Алматы саясаттану және бас­қару институтын (1991 ж.) бітірген. Біліктілігі бойынша – тарихшы, саясаттанушы.
Еңбек жолын бұрынғы Ақ­а­дыр ауданы, «Босаға» ауылында орта мектеп мұғалімі болып бастады. 1981 жыл­дың желтоқсан айынан Ақадыр аудандық комсомол коми­тетінде нұсқаушы, 1983 жыл­дың наурызынан бұрынғы Жезқазған облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. Ал, 1985-1988 жылдары Жезді аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1991-1992 жылдары Ақадыр аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1992-1997 жылдары Ақадыр ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында болды.
1997-2001 жылдары Шет ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.
2001-2005 жылдары Ақ­тоғай ауданының әкімі.
2005-2006 жылдары Қа­рағанды қаласы әкімінің орынбасары.
2006-2007 жылдары Ұлы­тау ауданының әкімі.
2007-2008 жылдары Шет ауданының әкімі.
2008-2009 жылдары Қа­рағанды облысы әкімінің орынбасары.
2009-2011 жылдары Осакаров ауданының әкімі.
2011 жылдың қараша айынан 2016 жылдың 25 наурызына дейін Шет ауданының әкімі қызметін атқарды.
Үйленген, үш баласы бар.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 252
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px