Сайлауға сақадай сай - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сайлауға сақадай сай
Сейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ қатысуымен ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихаты депутаттарын кезектен тыс сайлауды өткізуді әзірлеу және өткізу бойынша облыстық штабтың және облыстық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында аймақ бас­шысы сайлау дайындығына қатыстырылған басшылардың есебін тыңдап, тиісті сауалдар қойды.
Сонымен, сайлау күнгі қо­ғамдық тәртіпті қадағалау бойын­ша облыстық ішкі істер депар­таментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Жалғасбай Жақаев баяндама жасады.
Сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдай­лардың, су тасқындарының ал­дын алу бойынша атқарылған шаралар туралы облыстық тө­тенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Қатпанов мәлімдеді.
Сонымен қатар, алдағы сай­лауға әзірлік жұмыстары ту­ралы Қарағанды облысының жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, энер­гетика және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы бас­қармасы, «Қазақтелеком» АҚ, ХҚКО бас­шылары есеп берді.
Отырыс соңында Нұрмұхам­бет Әбдібеков бірқатар тапсырмалар беріп, сайлауды өткізу кезінде заңбұзушылыққа жол берілмеуін қадағалауды тапсырды.
Рауан  ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 249
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px