Сенбіліктер – серпінді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сенбіліктер – серпінді
Сенбі күні Қарағанды облысында көктемгі санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру екіайлығы аясында жалпыоблыстық деңгейдегі сенбілік екінші мәрте өткізіліп, оған аймақ басшысы Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ қатысты.

Сол күнгі аумақтарды тазалау шараларына облыс бойын­ша 7 мың кәсіпорын-меке­мелер, ұйымдар мен оқу орындарының ұжымдары немесе 170 мыңнан астам адам атсалысты. Ұтымды еңбекке 500 бірлік мамандандырылған техника тартылып, 2 мың ағаш және тал көшеттері отырғызылды.
– Сенбілікке шығу қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу шарты ғана емес, сонымен қатар, тұрғындардың өзінің туған өңірін қастер тұта­тын­дығының, оған қамқор пейілмен қарап, тазалық пен жайлы жағдайда ғұмыр кешкісі келетіндігінің айғағы. Біздің облысқа шынайы сүйіспеншілік танытып, ортақ мүдделі іске белсене араласуға ықыласты жандардың баршасына айтар алғысым шексіз. Әр жыл сайын сенбілікке шығушылардың қатары арта түсуі және тазалық пен реттілікке әркімнің үлес қосуы ерекше маңызды, –  деді облыс әкімі бұ­қаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беру барысында.
Нұрмұхамбет Әбдібеков, сон­дай-ақ, облыстық деңгейдегі сани­тарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру екіайлығы аясындағы іс-шаралар 28 мамыр­ға дейін жал­ғасатынын ескертіп, облыстың барлық тұрғындарын бұқаралық тұрғыда мәні зор іске белсене қатысуға шақырды.
Деректер сөйлейді:
Екіайлық басталғаннан бергі кезеңде облыстың аудандары мен қалаларында санитарлық тазалық және абаттандыру шараларына 12 мыңнан аса мекеме-кәсіпорындар мен оқу орындары, 218 мыңнан астам адам қатысып, 1788 бірлік мамандандырылған техника тартылған. Елді мекендердің 49 мың гектардан аса аумағы тазартылып, 815 рұқсат етілмеген күл-қоқыс үйінділері жойылған. 20 мың түптен аса көк өскіндер отырғызылған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 171
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px