Сенімнің мызғымас іргетасы - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Сенімнің мызғымас іргетасы
Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдау­лары – елдік бағыттың межесі және дамудың дара даңғылы. Себебі, осынау маңызды құжаттарды еліміздің даму жағдайы безбенделіп, келер кезеңнің міндеттері айқындалады. Міне, сондықтан да ел тұрғындары әр жылдан үлкен үміт күтеді. Олар үшін ең қуаныштысы – сол үміттерінің ақталып келе жатқандығы. Бұл – Мемлекет басшысы саясатының аса салмақты екендігінің айғағы.

«Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдау – жоғарыдағы тұжырымның даусыз дәлелі. Батыл ойлары, нық қадамдарымен әлемдік деңгейдегі тісқаққан саясаткерлерлі үнемі таң қалдыруға қалыптасқан Ұлт көшбасшысы осы жолы да парасат биігінен көріне білді. Себебі, Жолдаудың мәні – терең, мазмұны – салмақты. Алда тұрған міндеттер мен атқарылар істердің ауқымы анық та айқын.
Осы құжат арқылы Елбасы жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаһандық ахуалды сындарлы негізде сараптап, бүгінгі кезеңнің шынайы болмысын алдымызға жайып салды. «Қашанда қиын кезеңдерде қиын міндеттер қойып, оны үнемі ойдағыдай жүзеге асырып келе жатырмыз» деген Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік сипаттағы дағдарыс жағдайында күрделі міндеттерді шеше алатынымызға және кезекті сыннан сүрінбей өтіп, өркендеп, дами беретінімізге назар аударды. Оған мүмкіндігіміз де, ресурс­тарымыз да жететінін, ең бастысы – халықтың сенімі, жігері мен білімі бар екенін атап өтті.
«Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға алып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт кезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» деген Президент сыннан сүрінбей өтіп, мықты мемлекет екенімізді әлем алдында тағы бір мәрте мойындатуға шақырды. Жалпы қазақстандықтарды жігерлендіре отырып, келер күндердің кемел боларына сендірді.
Сонымен қатар, Елбасы өз Жолдауында әрбір қазақстандық «аспаннан шұға жауады» деп күтпей, тиімді еңбек ету қажеттілігін түсінуі және білуі тиіс екенін, мемлекеттің міндеті – бұл үшін бүкіл жағдайды жасау екенін ерекше атап көрсетті.
Президент дағдарысқа қарсы және құрылымдық өзгерістердің кешенді бес бағытын атады. Бұл – қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясат пен жаңа әлеуметтік саясат.
Мемлекет басшысы жаңа жаһандық дағдарысты уақытша құбылыс деп санай отырып, «ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер» екеніне назар аударды. Бұл тұрғыда, қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастағанымызды, яғни, шикізат ресурстарына қарап қалмайтын экономика құрып жатқанымызды негізге алуға болады.
Тізбелей берсек, Жолдаудың тағылымды әрі тартымды тұстары жетіп артылады. «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар... Мен халқыма сенемін» деді Елбасы. Біз де өз Президентімізге сенеміз.
Ұлт көшбасшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан өрелі істер – сол сенімнің мызғымас іргетасы. Ендеше, тарихи құжаттың халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекет беделінің нығаюына дәнекерлік етері күмәнсіз.

Әсия ӘБІЛДИНА,
аудандық қазынашылық басқармасы басшысының
орынбасары.

ҰЛЫТАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 178
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px