Шағын авиация ширап келеді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Шағын авиация ширап келеді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Мемлекеттік маңызы бар мереке – Отан қорғаушылар күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық округінде жұмыс бабындағы сапармен болып, ұшақтардың ұшып-қонуына арналған жаңа жолақтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Жағымды жаңалыққа елеңдеп, салтанатты басқосуға арнайы атбасын бұрған қауымға арнаған өзінің құттықтау лебізінде аймақ басшысы авиациялық оқу-жаттығу орталығының тек қана авиациялық жұмыстарды орындап қана қоймай, сонымен қатар, біліктілігі жоғары ұшқыштар мен техникалық қызмет көрсету мамандарын дайындау ісіне де сүбелі үлес қосатынын айрықша атап өтті.
– Бүгінгі іс-шараның мәні мен мағынасы терең атаулы қос екі мереке – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мен Отан қорғаушы күніне дөп түсуі көңілді одан әрі марқайта түседі. Осынау оңтайлы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды, жалпы қарағандылықтарды Мамыр мерекелерімен құттықтап, аспанымыз ашық болуын тілегім келеді, – деді Нұрмұхамбет Қанапияұлы.
Одан кейін жиналған жұртшылық кәнігі мамандардың көк зеңгірден парашютпен құлдырау сәтін қызыға тамашалады.
Әсерлі көріністі елмен бірге қызықтағаннан кейін облыс әкімі оқу және жаттығу орталықтарының тыныс-тірлігін бағамдап, авиациялық техникалармен танысты. Аймақ басшысына орталықтың жұмысы туралы «Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС директоры Константин Елисеев егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
Орайы келгенде, орталықтың негізгі жұмыс бағыты әуесқой ұшқыш­­тарды оқыту мен даярлау, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғаларға авиациялық қызмет көрсету екендігін айта кеткен жөн. Мұнда 15 адам тұрақты жұмыс істейді, авиациялық техникалар пар­кі 7 бірлікті құрайды. Олардың ішінде, FK-14 B-2, P2006T (Technam) үлгісіндегі әуе кемелері бар.
Сапар барысында көз жеткізіл­ген­дей, Қарағандыда шағын авиация ширап келеді. Бұл – мақсатты әрекеттер мен ілкімді ізденістердің жемісі.   

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 137
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px