Шаңырақтарына шаттық тіледі - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Шаңырақтарына шаттық тіледі
Көктемнің алғашқы күні Қазақстанның барша халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Осынау шуақты мереке қуанышымен құттықтау мақсатында облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарағанды аймағындағы балалар үйінің түлектері санатындағы екі отбасының шаңырағында қонақта болды.

Эльмира Сабетова – «Құлын­шақ» балалар үйінің түлегі. Ол жұбайымен бірге туысқан екі сәбиді – үш жастағы қыз бала мен бір жастағы ер баланы бауырларына басқан. Қазір қамқорлық құшағындағы балғындар үлбіреп өсіп келеді.
Валентина Ильинаның отбасында екі ер бала тәрбиеленуде. Ол да, дәл Эльмира сияқты балалар үйінің түлегі.
Аймақ басшысы екі отбасының мүшелерін Алғыс айту күнімен және алдағы 8 наурыз – Әйелдер күні мерекесімен құттықтап, шаңырақтарына шаттық, ыдырамас ынтымақ пен береке тіледі. Содан кейін балалардың көңіліне қонымды сыйлықтар – велосипедтер, коньки, ойыншық толы аспалы сөмкелер, гүлдер және тағы да басқа тарту-таралғыларды ұсынды.
Осы тектес кездесулердің ұлт­­аралық келісім мен конфес­сияаралық қарым-қатынасты  ны­ғайтудан тысқары, қоғамдағы аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсетілуін мұрат тұтатынын атап өткен жөн.
Жоғарыда аталған екі отбасынан бөлек, сол күні жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері тағы 10 шаңыраққа бас сұғып, мерейді өсірер мерекемен құттықтады, облыс әкімінің атынан сый-сияпаттар тапсырды.
Аймақ аумағындағы Алғыс айту күніне арналып өткізілген алуан түрлі іс-шаралардың барлығы дерлік Қазақстан халқының ынтымағы мен өзара келісімін нығайтуға, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм рухын қалыптастыруға бағытталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 255
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px