Үштілділік – күн тәртібінде - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Үштілділік – күн тәртібінде
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ мектепке дейінгі орта білім және ақпараттық технология департаментінің директоры Жаңыл ЖОНТАЕВА еліміз бойынша мектеп оқушыларының демалыс мерзімін қысқарту және үштілді білім беру жүйесін енгізу бойынша жұмыс комиссиялары құрылғанын айтты.

– Бүгінгі таңда министрдің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары оқушылардың демалыс күндері және үштілді білім беру жөніндегі мәселелерді талқылауда. Жалпы, көпшіліктің, ата-аналардың, үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары осы комиссия барысында тыңдалатын болады. Осы ретте, түрлі пікір, ұсыныстар ескерілетіндіктен, әрбір сұрақты назардан тыс қалдырмауға тырысамыз», – деді директор.
Бұл ретте ол, «Әрбір жаңашылдық ғылыми тұрғыда жан-жақты талқыланады. Әсіресе, оқушылардың оқыту үдерісін жеңілдету үшін кәсіби мамандардың пікіріне жүгіну арқылы біршама жұмыстарды жеңілдетеміз. Осыған байланысты «Білім» арнасы арқылы апта сайын өтетін отырыс негізінде ата-аналардың барлық ұсыныстары ескеріліп, тиісті шаралар атқарылады», – деді.
Оның сөзіне сүйенсек, білім берудің жаңа жүйесі тек 1 қыркүйекте бірінші сыныптарға енгізілетіндіктен, 2015-2016 оқу жылының енді аяқталатындығын ескерсек, біршама жұмыстың басын қайырып тастауға уақыт бар. Әр апта сайын Білім және ғылым министрлігінің ықпалымен ата-аналардың, мұғалімдердің, мектеп директорларының, білім ұйымдары басшылары қатысқан жұмыс комиссияларының отырысы осы мақсатта өтіп тұрады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 206
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px