Словакия елшісімен кездесті - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Словакия елшісімен кездесті
Сейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қазақстан Республикасындағы Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Петер ЮЗАМЕН жүздесіп, әңгімелесті.

Қабылдау барысында облыс әкімі мәртебелі мейманға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті билік органдарының Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған реформаларды жүзеге асыруға қатысты жұмыстары туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Нұрмұхамбет Қанапияұлы әңгіме барысында Қарағанды облысы индустриялық тұрғыда дамуы жоғары аймақ болуымен қатар, Қазақстанның ірі мәдени және ғылыми орталықтарының бірі екендігін де атап өтті. Мәселен, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мемлекеттік медициналық университет, мемлекеттік техникалық университет, заң институты секілді жоғары оқу орындары облыстан тысқары аймақтарға да кеңінен танымал. Облыста бес театр, екі симфониялық оркестр қызмет атқарады.
– Біздің облыстың жағымды инвестициялық ахуалы, аса бай шикізат базасы, географиялық орна­ласуының стратегиялық тұрғыдағы тартымдылығы экономикаға құйы­латын инвестиция ағынына оңтайлы алғышарттар тудырып отыр. Сон­дықтан, словакиялық тарапты эко­номиканың түрлі саласы мен гу­ма­нитарлық қызмет бағытында ықтымақтастық жағдайындағы іс-әре­кеттерге батыл бағыт алуға шақыр­амын, – деді аймақ басшысы.
Одан кейін Петер Юза мырза жауап сөз сөйледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 232
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px