Тұрғындар тілегіне құлақ түрді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Тұрғындар  тілегіне құлақ  түрді
Өткен жұмада облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ өзінің жұмыс кестесіне сәйкес, азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдап, тілектеріне құлақ түрді.

Аймақ басшысының қабыл­дауына келгендердің қатарында Қарағанды және Теміртау қала­ларының тұрғындары болды. Олар өз кезегінде, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлу, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы ғимар­аты­ның техникалық ахуалы және  психикалық-терапевтік қыз­мет көрсетулерге қатысты мәсе­лелерді қозғады. Сонымен қатар, жеке бастарына тән түрлі жайттарды да алға тартты.
Қабылдауда болғандардың әрқайсысының талап-тілегін мұ­қият зерделеген облыс әкімі қажетті деңгейде түсініктемелер берді және тиісті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 140
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px