Төраға сайланды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Төраға сайланды
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

«Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының кезектен тыс ХХI конференциясы болып өті. Оның жұмысына «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты ұйымдас­тыру-бақылау жұмыстары департаментінің инспекторы Болат Данияров, Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Қадиша Оспанова қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша конференцияда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасын сайлау және саяси кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралды. Бірінші мәселе бойынша сөз алған партияның облыстық филиалы басшысының бірінші орынбасары Қ. Оспанова бүгінгі таңдағы Елбасы алға қойып отырған басты міндеттерге назар аудара келіп, партияның жергілікті филиалының төрағалығына қала әкімі Асқар Ыдырысовтың кандидатурасын ұсынды. Делегаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.  
Конференция  жұмысын  одан әрі  өрбіткен жаңа төраға А.Ыды­­рысов екінші мәселеге көшіп, саяси кеңес құрамынан кейбір мүшелер шығарылып, жаңа адамдармен толықты. Алқалы жиында партияның белсенді мүшелері мен бастауыш ұйымдар жетекшілерінің бір тобына облыстық филиал төрағасының атынан Құрмет грамоталары тапсырылды.
СӘТБАЕВ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 184
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px