«Төртеу түгел болса...» - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

«Төртеу  түгел  болса...»
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Бейсенбі күні Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің отырысында Жер реформасы жөніндегі Республикалық Комиссия қарауына алынған мәселелер жөнінде сөз қозғалды.

Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев  жаңа  Жер Ко­дексінің күшіне енуіне уақытша мораторий жариялаған еді. Және осы мерзім ішінде ел Үкіметіне халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді. Президент тапсырмасымен дереу Жер реформасы жөніндегі Республикалық Комиссия құрылып, іске кірісті.
Кеңес төрағасы Ерқара Аймағам­бетов тізгінін ұстаған отырысқа Жер реформасы жөніндегі Республикалық Комиссияның мүшесі Абдолла Төре­беков, облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов, облыстық мәслихат хатшысы Рысқали Әбдікеров, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, саяси партиялар филиалдарының жетекшілері, мемлекеттік емес ұйымдар, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері, ардагерлер, шаруа қожа­лықтарының басшылары қатысты. Екі сағатқа созылған жиында Заңға енгізілген өзгертулер қызу талқыланды.
Облыстық жер қатынастары бас­­қармасының басшысы Аян Шал­мағанбетов Заңда қарастырылған жаңашылдықтар туралы баяндама жасады.
Кеңес мәжілісі барысында қатысу­шылар өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салды. Қоғам белсендісі Айтқожа Фазылов, Нұра ауданындағы «Шахтерское» шаруа қожалығының басшысы Георгий Прокоп Заңдағы өзгертулерге қатысты пікірін білдірді.
Осы орайда, жиынға қатысу­шылар жерді шетелдіктерге жалға берудің, жекеменшікке сатудың тиімді тұс­тарын атап өтті.
Олардың айтуынша, шетелдік инвесторлар бос жатқан жерлерді игеруде айтарлықтай табысқа қол жеткізбек. Жаңа кәсіпорындар құрылып, қазір тусырап жатқан жерлер ел экономикасына жұмыс істейді. Тиісінше, жұмыс орындары ашылып, мемлекет бюджетіне түсетін қаржы сомасы да еселенеді. Сөйтіп, тоқсаныншы жылдардың тоқырауында шатқаяқтап кетіп, тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде қарқын ала алмаған ауыл шаруашылығын өркендетуге тың серпін берілмек.
Шет мемлекеттер тәжірибесіне сүйенген сөйлеушілер қазіргі дағ­дарыс кезеңінде ел дамуы ауыл шаруашылығына иық сүйеуі тиіс деген пікір түйді. Бұл мәселені көшеде митинг ұйымдастыру арқылы емес, келіссөздер үстелінде отырып, қостарапты диалог алаңында шешу қажет деген тұжырымға келді. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегенге сайды қатысушылар пайымы.
Елбасы тапсырмасымен Жер реформасы жөніндегі Респуб­ликалық Комиссияның құрылғаны туралы жоғарыда айтып өттік. Бұл комиссияның міндеті – Кодекстегі өзгертулерді жан-жақты пысықтай отырып, заман талабына сай заңнаманы ұсыну.  Бүгінде аталған Комиссияның алғашқы отырысы өтіп, барлық пікірлер ескерілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 167
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px