Талдау жасалды, тапсырмалар берілді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Талдау жасалды, тапсырмалар берілді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Сейсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ мүлікті және ақшаны жария ету жөніндегі акцияны жүргізудің ағымдық ахуалына қатысты селекторлық кеңес өткізді. Кеңес жұмысына облыстық басқармалардың, Ұлттық банктің Қарағанды филиалының және мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары, сондай-ақ, селекторлық режимде қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары – комиссиялар төрағалары қатысты.
Жиында мүлікті жария ету жөніндегі акцияның облыс аума­ғындағы қазіргі таңдағы жай-күйі туралы экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская мен мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат Ахметов баяндама жасады. Содан кейін бұқара халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының де­ң­гейіне қатысты ішкі саясат бас­қармасының басшысы Нұрлан Рыстиннің хабарламасы тыңдалды.
2015 жылғы 13 қарашада мүлікті жария ету жөніндегі жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті Заңға қол қойылып, күшіне енгені белгілі. Жаңа Заң мүлікті жария ету рәсімдерінің тың тәсілдерін айқындап берген болатын.
Мүлікті жария ету мерзімінің аяқталуы 2017 жылдан бастап кезең-кезеңімен қолданысқа енгізілетін кірістер мен шығыс­тарды жалпыға тән декларациялау сәтінің басталуына дөп түспекші. Басқаларды айтпағанда, декларациялауға елден аумағынан сыртқары жерлерде орналасқан мүліктер де жатқызылады.
Облыс бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жаны­нан мүлікті жария ету жөніндегі 18 комиссия құрылып, қызмет атқаруда. Сонымен қатар, тұрғындардан өтініштер қабыл­дауға арналған 21 тірек ашылған.
Биылғы жылғы 15 сәуірдегі жағдаймен алып қарастырғанда әкімдіктер жанындағы комиссия­лар тарапынан 347 өтініш бойынша 391 нысан (жекелеген өтініштерде бірнеше нысаннан) жария етілген. Олардың ішінде, сомасы 374,5 млн. теңгені құрайтын 37 тұрғын үй нысандары және сомасы 5 млрд. 486,5 млн. теңге болатын, тұрғын үй санатына жатпайтын 354 нысан бар.
Жария етілген нысандардың басым бөлігі Қарағанды қала­сында – 186, сомасы – 3 млрд. 127,0 млн. теңге, Жезқазған қаласы бойынша 48 нысан, сомасы – 279 млн. теңге және Теміртауда – 38, сомасы – 350,9 млн. теңге.
Ақша қаражатын жария етуге қатысты бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары жалпы сомасы 6 млрд. 512 млн. теңгені құрайтын 25 арнайы декларацияны қабылдап алған.
Селекторлық кеңестің соңы­н­­­­да облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын одан әрі ширата түсу, мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялардың жұмысына ай­рықша бақылау жүргізу және азаматтардың өтініштерін қарау­дың белгіленген мерзімін бұзуға жол бермеуге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 147
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px