Тасқынға – тас түйін әзірлікпен - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Тасқынға – тас түйін әзірлікпен
Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарқаралы ауданында жұмыс сапарымен болды. Көктемгі су тасқынын өткеру барысымен таныс­ты.

Аймақ басшысы бірнеше село­лық округке, соның ішінде, су тасқынының қаупі басым Ынталы және Матақ ауылдарына ат басын бұрды.
Өткен жылғы төтенше жағ­дайлар салдарын ескере отырып, облыста 2018 жылға дейін көктемгі су тасқыны шығындарын болдырмауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.
Осыған орай, өзге өңірлермен қатар, Қарқаралы ауданында да тиісті жұмыстар қауырт жүргізілуде. Су ағысын өткізетін коллекторлар қалпына келтірілуде және жаңадан салынуда. Су қоймалары жаңартылып, арықтардың арнасы кеңейтілуде.
Облыс әкімі өзінің жұмыс сапары барысында көктемгі су тасқыны мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті іс-қимыл таныту қажетін ескертіп, тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 200
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px