Тоқсан табыспен аяқталды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Тоқсан табыспен аяқталды
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»
Облыстың мемлекеттік кірістер департаменті биылғы жылдың алғашқы тоқсанын табыспен тәмамдады. Үш айда қазынаға 43,5 млрд. теңге кіріс кірген. Бұл туралы аталған департамент басшысы Азамат АХМЕТОВ қатысқан баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Азамат Қуатұлының ай­т­у­­­­­­­­ы­н­­­­ша, ме­­желенген жос­пар 110,1 пай­ызға орындалды. Өт­кен жылғы кезеңмен салыс­тыр­ғанда, республикалық бюджет кірісі 1,2 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ, жергілікті бюджетке түсер қаржы сомасы 1,6 млрд. теңгеге көбейді.
Тоқсан мерзімінде департамент тарапынан 133 тексеріс шарасы ұйымдастырылды. Оның 42-сі – кешенді, 79-ы – тақырыптық мазмұнда өткізілді. Нәтижесінде, 12,7 млрд. теңге қаржы қазынаға түсті. Алкогольді өнімдер саудасы саласына 28 тексеріс ісі бағытталып, 1,7 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
Мүлікті жария ету науқаны қызу жүруде. Осы мәселеге қатысты облыс бойынша 882 өтініш қабылданды.  Мүлік құны – 12,7 млрд. теңге. Оның ішінде, жалпы сомасы – 6,6 млрд. теңге болатын 526 өтініш кері қайтарылды. Бүгінгі таңда комиссия тарапынан 347 өтініш қанағаттандырылып, 5,8 млрд. теңгенің мүлкі заңдастырылды. Қалған 9 өтініш – комиссия қарауында.
Жыл басынан бері тауар­ларға арналған 4874 декларация рәсімделді. Импортты рәсімдеу үрдісі 37 пайызға төмендеді. Керісінше, экспорт рәсімдеу декларациялары саны 15 пайызға артты.
Экономикалық   қылмыс­тар­ды тергеу шаралары қарқынмен жүр­гізілді. Бұл сала бойынша 408 қылмыстық іс өндіріске алынып, 221 қылмыстық құқық­бұзушылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары орган тарапынан қолға алынды. 93 іс соңына жеткізіліп, оның ішінде, 48 іс сотқа жіберілді. Аяқталған қылмыстық іс бойынша келтірілген шығын сомасы – 1,6 млрд. теңге көлемінде анықталып, оның 1,4 млрд. теңгесі өтелді.
Бұдан бөлек, департамент жалған кәсіпкерлікпен айналысу­шылармен тұрақты күрес жүргізіп келеді. Үш айда 187 қылмыстық іс өндіріске қойылып, 16 қылмыстық іс аяқталды. Мәселен, Тусупбекова есімді азамат арнайы қылмыстық топ құрып, салық­тан жалтару қылмысымен айналысқан. 2015 жылдың 17 наурызында топ мүшелері – Войнова мен Урбанчик Қарағандыдағы екінші деңгейлі банктердің бірінің жанында қолма-қол ақшаға айналдырған 34 млн. теңгемен ұсталды.
Тусупбекова арнайы топ мүшелерінің көмегімен контрагенттерге жүйелі және ұзақ мерзім бойы салықтан жал­таруға жәрдемдесіп келген. Бірнеше мәрте жалған кәсіп­орындар құрып, заңсыз іс-әр­екет­тер жүзеге асырып келген.
Үстіміздегі жылдың 5 сәуір­інде Октябрь ауданының №3 сотының үкімімен топ мүшелері 7-8 жыл аралығында бас бостандықтарынан айырылды. Мүліктері тәркіленіп, 34 млн. теңге мемлекет қазынасына тапсырылды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 117
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px